Қазақстанға қоныс аударған қандастардың 60%-ке жуығы еңбекке жарамды

© Photo : Акимат Мангистауской областиИраннан келген қандастар
Ираннан келген қандастар - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2025
Жазылу
Биыл 6 755 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Биыл жарты жылда Қазақстанға оралған 6,7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Биыл 6 755 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 154,8 мың этникалық қазақ оралды.
"Биыл оралған қандастардың жартысы, 45,1%-і – Қытайдан, 41,7% – Өзбекстаннан, 5,4% – Түрікменстаннан, 2,8% – Монғолиядан, 2,4% – Ресейден және 2,6% – басқа елдерден келген. Этникалық қоныс аударушылардың 59,8%-і еңбекке жарамды, 16%-і білімі жоғары", - дейді ведомстводағылар.
Сонымен қатар 27,1%-ы орта кәсіби білімді, 54,6%-ы жалпы орта білімді, және 2,3%-інде білімі жоқ.
Олар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанды.
Жыл басынан бері 2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жыл басынан бері 2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Жаңалықтар
0