Павлодарда шетел азаматы бүйрегін сатып жатқан жерінен ұсталды

© Sputnik / Anar MustafayevДевушка в наручниках, архивное фото
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2025
Жазылу
Күдікті келісілген ақшаның бір бөлігін алған
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Павлодарда ағзасын сатуға шығарған шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шілде айының ортасында жедел қызметкерлерге көрші мемлекет азаматының бүйрегін сатып жатқаны туралы жедел ақпарат түсті. Осы мақсатта шетелдік әйел Павлодар қаласына барып, баға мен шарттарды талқылап, сатуға келісім берген.
"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері күдіктіні келісілген ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұстады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Күдікті қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Спикер қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанда заңсыз трансплантациялауға, сондай-ақ адам ағзаларының, мүшелерінің, тіндерінің және тіндерінің бөліктерін сату, сатып алуға тыйым салынғанын және ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.
Полиция азаматтарды осындай фактілерге куә болған жағдайда "102" арнасына немесе "police 102" мобильді қосымша арқылы хабарлауға шақырады. Анонимділікке кепілдік беріледі.
Круглый стол Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира, посвященный российско-казахстанским отношениям - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2024
Ақтөбе тұрғыны ағзасын 9 млн теңгеге сатпақ болған
Жаңалықтар
0