Жарты жылда 1 трлн теңгені негізсіз жұмсамақ болған – министрлік

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, деньги, купюры, банкноты
Тенге, деньги, купюры, банкноты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2025
Жазылу
Мемлекеттік аудит жартыжылдық жұмысты қорытындылады
АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. 1 трлн теңгеге жуық бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалмақ болған. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады.
Алты айдағы нәтижелер туралы қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мен комитет төрағасы Ержан Мыңжасаровтың төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа отырысында айтылды.
Жарты жылда аудиторлар жалпы сомасы 921 млрд теңгеден астам қаражатқа 672 тексеру іс-шарасын жүргізді.
"310,6 млрд теңге мөлшеріндегі қаржылық заң бұзушылықтар мен 1699 рәсімдік кемшіліктер анықталды", - дейді ведомство.
Қашықтан талдау нәтижесінде заңсыз төлемдер сомасы 950,3 миллион теңгеге жеткені анықталды. Бұл цифрландырудың нақты уақыт режимінде бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретіндігінің айқын дәлелі.
Сонымен қатар аудиторлар 2026–2028 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу процесін жан-жақты талдады.
"Жалпы сомасы шамамен 860 миллиард теңге болатын бюджеттік сұраулар сапасыз жасалған. Алдағы уақытта бұл бағытты дамыту аясында міндетті әрекет ету шараларын қамтитын толыққанды камералдық бақылау тетігі енгізіледі", - дейді министрлік.
Жаңалықтар
0