https://sputnik.kz/20250729/vandalizmge-qarsy-kures-astanada-zharty-zhylda-150-adam-zhauapqa-tartyldy-56024022.html
Вандализмге қарсы күрес: Астанада жарты жылда 150 адам жауапқа тартылды
Вандализмге қарсы күрес: Астанада жарты жылда 150 адам жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
Бөгде мүлікті әдейі жою немесе бүлдіру үшін 60 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген 29.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-29T19:12+0500
2025-07-29T19:12+0500
2025-07-29T19:12+0500
астана
вандализм
https://sputnik.kz/img/07e9/03/03/51310284_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7e6b6c051173f6574d8d0c1f243d274e.jpg
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Елорда вандализм әрекеттері мен қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайларының алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі.Астаналық полицейлер кезекті мүлікті бүлдіру оқиғаларын анықтады.Мәселен, 26 шілде күні түнгі сағат 03:39 шамасында Бектұров көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде 19 жастағы жас жігіт мас күйінде ақпараттық стендті жұдырықпен ұрып, әдейі сындырған. Ол осы әрекетке қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Тағы бір жағдайда 45 жастағы қала тұрғыны Toyota Avensis маркалы автокөлікті зақымдаған: капотын, есіктерін және қанатын сырып кеткен. Материалдық залал келтірілді. Құқық бұзушының тұлғасы анықталып, оған да тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.Әкімдіктегілер бөгде мүлікті әдейі жою немесе бүлдіру үшін 60 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделгенін еске салды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/03/51310284_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_574ea45d08e23c0382ff90a1b99e76a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, вандализм
Вандализмге қарсы күрес: Астанада жарты жылда 150 адам жауапқа тартылды
Бөгде мүлікті әдейі жою немесе бүлдіру үшін 60 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Елорда вандализм әрекеттері мен қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайларының алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлады
Астана қаласының әкімдігі.
Астаналық полицейлер кезекті мүлікті бүлдіру оқиғаларын анықтады.
Мәселен, 26 шілде күні түнгі сағат 03:39 шамасында Бектұров көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде 19 жастағы жас жігіт мас күйінде ақпараттық стендті жұдырықпен ұрып, әдейі сындырған. Ол осы әрекетке қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тағы бір жағдайда 45 жастағы қала тұрғыны Toyota Avensis маркалы автокөлікті зақымдаған: капотын, есіктерін және қанатын сырып кеткен. Материалдық залал келтірілді. Құқық бұзушының тұлғасы анықталып, оған да тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.
"2025 жылдың басынан бері осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін 150 адам жауапқа тартылған. Оның ішінде 82 адам қамауға алынып, 68 адамға айыппұл салынған", - деп жазылған хабарламада.
Әкімдіктегілер бөгде мүлікті әдейі жою немесе бүлдіру үшін 60 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделгенін еске салды.