https://sputnik.kz/20250729/shekteu-alyndy-qazaqstan-europaga-komir-tasymaldaudy-qayta-bastaydy-56011642.html
Шектеу алынды: Қазақстан Еуропаға көмір тасымалдауды қайта бастайды
Шектеу алынды: Қазақстан Еуропаға көмір тасымалдауды қайта бастайды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. Қазақстан Ресей арқылы Еуропаға қайта көмір тасымалдау туралы келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Cауда және интеграция... 29.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-29T13:00+0500
2025-07-29T13:00+0500
2025-07-29T13:00+0500
еуропалық одақ
көмір
сауда
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1c/52923831_0:0:915:514_1920x0_80_0_0_963df39b83697c7d366828fd424b1200.jpg
АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. Қазақстан Ресей арқылы Еуропаға қайта көмір тасымалдау туралы келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Cауда және интеграция министрлігі.Биыл ақпан айында Еуропалық одақ санкциялардың 16-пакеті аясында Ресей порттарымен кез келген келісімге тыйым салған болатын. Салдарынан Қазақстан көмірін Еуропа елдеріне тұрақты экспорттауға айтарлықтай қауіп төнді. Себебі Ресейдің Усть-Луга порты әу бастан Қазақстан көмірін Еуропаға жеткізетін негізгі транзит нүктесі.Бұл жағдайды реттеу үшін сауда және сыртқы істер министрліктері Қазақстанның Еуропалық одақ жанындағы тұрақты өкілдігімен бірлесіп, еуропалық тараппен түрлі деңгейдегі консультациялар жүргізді. Еуропалық комиссияның атына ЕО санкциялық режиміне тиісті өзгерістер енгізу туралы ресми өтініш жіберілді.Ол үшін мына шарттарды сақтау міндет:Ал биыл қаңтар – мамыр айларында 1,6 млн тонна көмір экспортталды, оның құны 82,9 млн доллар болды. Жалпы көмір экспортының небәрі 38,5%-ін құрады."Көрсеткіштердің уақытша төмендеуіне қарамастан, қабылданған шаралар Қазақстан көмірін ЕО-ға жеткізуді қалпына келтіруге, сондай-ақ логистикалық маршруттардың тұрақтылығын нығайтуға септігін тигізеді", - дейді министрлік.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1c/52923831_0:0:915:686_1920x0_80_0_0_8e6c4137ff2493edd331080ca0ff53ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропалық одақ, көмір, сауда
еуропалық одақ, көмір, сауда
АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. Қазақстан Ресей арқылы Еуропаға қайта көмір тасымалдау туралы келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Cауда және интеграция министрлігі.
Биыл ақпан айында Еуропалық одақ санкциялардың 16-пакеті аясында Ресей порттарымен кез келген келісімге тыйым салған болатын. Салдарынан Қазақстан көмірін Еуропа елдеріне тұрақты экспорттауға айтарлықтай қауіп төнді. Себебі Ресейдің Усть-Луга порты әу бастан Қазақстан көмірін Еуропаға жеткізетін негізгі транзит нүктесі.
Бұл жағдайды реттеу үшін сауда және сыртқы істер министрліктері Қазақстанның Еуропалық одақ жанындағы тұрақты өкілдігімен бірлесіп, еуропалық тараппен түрлі деңгейдегі консультациялар жүргізді. Еуропалық комиссияның атына ЕО санкциялық режиміне тиісті өзгерістер енгізу туралы ресми өтініш жіберілді.
"Келіссөздер нәтижелі болды. ЕО-ның 18-пакет санкциялары аясында Еуропалық тарап қазақстандық көмір транзиті үшін белгілі бір ресейлік порттарымен келісімге шектеуді алып тастады", - дейді ведомство.
Ол үшін мына шарттарды сақтау міндет:
көмірдің шығу тегі тек Қазақстан Республикасы болуы керек;
жүкке меншік құқығы санкциялық шектеу шаралары қолданылатын елдердің резиденттерінде болмауы керек;
порттарды тек транзит, тиеу немесе жөнелту аумағы ретінде пайдалануға болады, яғни оның аумағында тауарды сатып алу немесе өндіруге болмайды.
2022 жылы құны 419,2 млн доллар болатын 4,4 млн тонна Еуроодаққа тасымалданған, бұл - жалпы көмір экспортының 45%-і.
2023 жылы - 382 млн долларға 6,1 млн тонна (54,3% ).
2024 жылы - 312,5 млн долларға 5,2 млн тонна (51 8%).
Ал биыл қаңтар – мамыр айларында 1,6 млн тонна көмір экспортталды, оның құны 82,9 млн доллар болды. Жалпы көмір экспортының небәрі 38,5%-ін құрады.
"Көрсеткіштердің уақытша төмендеуіне қарамастан, қабылданған шаралар Қазақстан көмірін ЕО-ға жеткізуді қалпына келтіруге, сондай-ақ логистикалық маршруттардың тұрақтылығын нығайтуға септігін тигізеді", - дейді министрлік.