https://sputnik.kz/20250729/mangystau-oblysynda-politsiya-qyzmetkerleri-zhuk-koligin-zhayau-qudy-video-56010772.html
Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері жүк көлігін жаяу қуды (ВИДЕО)
Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері жүк көлігін жаяу қуды (ВИДЕО)
Sputnik Қазақстан
Жүргізуші полицияның тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, бой тасалауға тырысты 29.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-29T12:06+0500
2025-07-29T12:06+0500
2025-07-29T12:06+0500
маңғыстау облысы
жүк көлігі
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_0:34:650:400_1920x0_80_0_0_b77b57b1533bdbf5914baf1729ccb10c.jpg
АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысының Өмірзақ ауылында полиция қызметкерлері жүк көлігін қуып жүріп ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оқиға 29 шілде шамамен шамамен түнгі сағат 01:30-да болған. Әлеуметтік желіде тарады видеодан бірнеше полиция қызметкері жүк көлігін алдымен жаяу, кейін көлікпен қуғанын көруге болады.Қашқын жүргізуші Түркістан облысының тұрғыны болған. Жүк тасымалдаумен айналысады екен, тиісті құжаттары бар дейді полиция. Алайда ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан."Азамат келесі құқықбұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тартылды: полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау, маневр жасау ережелерін бұзу. Сондай-ақ қарсы бағыттағы жолаққа шығу, медициналық куәландырудан бас тарту (мас күйінде көлік жүргізуге теңестіріледі), жол белгілері мен таңбаларын сақтамау, апаттық жағдай жасау. Көлік арнайы тұраққа қойылып, іс сотқа жолданды", - дейді Маңғыстау облыстық полициясы.
https://sputnik.kz/20210511/Pavlodar-adam-video-17015792.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_63:0:596:400_1920x0_80_0_0_c8242c6b8f24fd8b42ce81cac8c4c5c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, жүк көлігі
маңғыстау облысы, жүк көлігі
Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері жүк көлігін жаяу қуды (ВИДЕО)
Жүргізуші полицияның тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, бой тасалауға тырысты
АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысының Өмірзақ ауылында полиция қызметкерлері жүк көлігін қуып жүріп ұстады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 29 шілде шамамен шамамен түнгі сағат 01:30-да болған. Әлеуметтік желіде тарады
видеодан бірнеше полиция қызметкері жүк көлігін алдымен жаяу, кейін көлікпен қуғанын көруге болады.
"Өмірзақ ауылындағы өндірістік аймаққа жақын автожолда полицей қызметкерлері DAV маркалы көлікті байқаған. Көліктің жүрісі күдік тудырған. Жүргізуші полицияның тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, бой тасалауға тырысты. Қуғын барысында бірнеше рет жол қозғалысы ережесін бұзды", - дейді ведомство.
Қашқын жүргізуші Түркістан облысының тұрғыны болған. Жүк тасымалдаумен айналысады екен, тиісті құжаттары бар дейді полиция. Алайда ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан.
"Азамат келесі құқықбұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тартылды: полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау, маневр жасау ережелерін бұзу. Сондай-ақ қарсы бағыттағы жолаққа шығу, медициналық куәландырудан бас тарту (мас күйінде көлік жүргізуге теңестіріледі), жол белгілері мен таңбаларын сақтамау, апаттық жағдай жасау. Көлік арнайы тұраққа қойылып, іс сотқа жолданды", - дейді Маңғыстау облыстық полициясы.