Жүк көліктері жаңадан салынған жолдарды зақымдап жатыр - ҚазАвтоЖол

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуЖүк көліктері
Жүк көліктері - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2025
Жазылу
Ескерту белгілерінің орнатылғанына қарамастан, кейбір жүргізушілер жаңадан төселген жабынмен жүруін жалғастырып жатыр
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Ауыр салмақты көлік жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған жол учаскелерімен жүру арқылы жаңа төселген жабынды бұзып жатыр, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Жүргізушілердің уақытша шектеулерге немқұрайлы қарау салдарынан жол жамылғысы мерзімінен бұрын жарамсыз болып, оны қалпына келтіруге қосымша қаражатты қажет етіп, жобаның белгіленген мерзімде аяқталуына кедергі келтіріп жатыр.
Компаниядағылар нақты мысал ретінде Түркістан облысы аумағынан өтетін республикалық маңызы бар "Жызақ - Гагарин - Жетісай - Кировский - Қызыләскер - Сарыағаш - Абай - Жібек жолы" автожолының 156-190 шақырым аралығындағы учаскесін атап көрсетті.
"Бұл аралықта ұзындығы 34 шақырымды құрайтын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның аяқталуы 2025 жылдың қазанына жоспарланған. Алайда, 2025 жылдың шілде айында 157-175 шақырым (ұзындығы 18 км) аралығында асфальт-бетон жамылғысында ойықтар мен шұңқырлар түрінде ақаулар анықталды. Бұл жағдай ауыр жүк көліктерінің рұқсат етілмеген қозғалысы мен белгіленген тәртіпті өрескел бұзуынан пайда болған", - деп жазылған хабарламада.
Ескерту белгілерінің орнатылғанына қарамастан, кейбір жүргізушілер жаңадан төселген жабынмен жүруін жалғастырып, оның толық қатуына және беріктік қасиеттерінің қалыптасуына кедергі келтіріп жатыр.
Аптап ыстықты ескерген индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1 маусымнан 31 тамызға дейінгі кезеңде ауа температурасы +25С-тан асқан жағдайда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін ауыр жүк көліктерінің қозғалысына Түркістан облысында шектеу енгізілді. Алайда бұл талаптар жиі ескерілмей, өрескел бұзылып жатыр.
Аталған учаске бойынша жұмыстарды тапсырыс беруші әлі қабылдамады және қаражаты төленген жоқ.
Компания хабарлағандай, анықталған ақауларға байланысты жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Қалпына келтіру шаралары мердігер ұйымның өз қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта бюджет қаражаты тартылмайды.
Биыл 13 мың шақырым жол жөндеуден өтеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Биыл 13 мың шақырым жол жөнделеді
Жаңалықтар
0