https://sputnik.kz/20250728/zhasandy-intellekt-gaz-eseptegish-quraldardyn-korsetkishin-zhinay-bastady-55996844.html
Жасанды интеллект газ есептегіш құралдардың көрсеткішін жинай бастады
Жасанды интеллект газ есептегіш құралдардың көрсеткішін жинай бастады
Sputnik Қазақстан
Жаңа қызметті мобильді қосымша арқылы Қызылорда, Қостанай және Түркістан облыстарында сынақтан өткізіп көреді 28.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-28T15:29+0500
2025-07-28T15:29+0500
2025-07-28T15:29+0500
министрлік
жасанды интеллект
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1c/55990513_137:198:720:526_1920x0_80_0_0_cff96a2ddb297fd9e843ddd8a84ccc62.jpg
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанда жасанды интеллектің көмегімен газ есептегіш құралдарының көрсеткішін автоматты түрде жіберу жобасы қолға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан энергетика министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Жаңа қызметті мобильді қосымша арқылы Қызылорда, Қостанай және Түркістан облыстарында сынақтан өткізіп көреді.Қосымшаны қолдану тәртібі де оңай. Тұтынушы алдымен есептегіштің суретін түсіреді, ал жасанды интеллект негізіндегі жүйе мәліметтерді автоматты түрде оқып, базаға жолдайды. Осылайша, бақылаушыға тұтынушы мекенжайына келудің қажеті жоқ.Жақын арада қосымшаның функционалы кеңейтіледі. Тұтынушылар төлем тарихын көру, есептегіштерді тексеру мерзімдері туралы ескертулер мен газ желілеріндегі жоспарлы жұмыстар туралы хабарламалар алып отырады. Сондай-ақ, виртуалды көмекші мен адал тұтынушыларға арналған ынталандыру жүйесі — бонустар мен кэшбэктар енгізіледі.
https://sputnik.kz/20250715/tergeushilerge-zhasandy-intellekt-komektesedi-55638793.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1c/55990513_228:204:720:573_1920x0_80_0_0_133b57302a0d57ad0eea5583f72734f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, жасанды интеллект
министрлік, жасанды интеллект
Жасанды интеллект газ есептегіш құралдардың көрсеткішін жинай бастады
Жаңа қызметті мобильді қосымша арқылы Қызылорда, Қостанай және Түркістан облыстарында сынақтан өткізіп көреді
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанда жасанды интеллектің көмегімен газ есептегіш құралдарының көрсеткішін автоматты түрде жіберу жобасы қолға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан энергетика министрлігінің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа қызметті мобильді қосымша арқылы Қызылорда, Қостанай және Түркістан облыстарында сынақтан өткізіп көреді.
"Қосымшаны қазірдің өзінде 7 мыңнан астам тұтынушы жүктеп алған. Оның ішінде Түркістан облысындағы белсенді пайдаланушылар жаңа сервистің ыңғайлылығын алғашқылардың бірі болып бағалап үлгерді", - дейді министрлік мамандары.
Қосымшаны қолдану тәртібі де оңай. Тұтынушы алдымен есептегіштің суретін түсіреді, ал жасанды интеллект негізіндегі жүйе мәліметтерді автоматты түрде оқып, базаға жолдайды. Осылайша, бақылаушыға тұтынушы мекенжайына келудің қажеті жоқ.
Жақын арада қосымшаның функционалы кеңейтіледі. Тұтынушылар төлем тарихын көру, есептегіштерді тексеру мерзімдері туралы ескертулер мен газ желілеріндегі жоспарлы жұмыстар туралы хабарламалар алып отырады. Сондай-ақ, виртуалды көмекші мен адал тұтынушыларға арналған ынталандыру жүйесі — бонустар мен кэшбэктар енгізіледі.