Маңғыстау облысында нөсер жаңбырдан кейін ауылды су басты

© Photo : Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметіМаңғыстау облысында нөсер жаңбырдан кейін ауылды су басты
Маңғыстау облысында нөсер жаңбырдан кейін ауылды су басты - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2025
Жазылу
Кейбір үйлердің қоршаулары мен әжетханалары құлады
АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында аяқасты жауған жаңбыр тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
© Photo : Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметіМаңғыстау облысында нөсер жаңбырдан кейін ауылды су басты
Маңғыстау облысында нөсер жаңбырдан кейін ауылды су басты - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2025
Маңғыстау облысында нөсер жаңбырдан кейін ауылды су басты
Өңірде аптап ыстықтан кейін нөсер жаңбыр жауды. Селдің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
"Кеше сағат 12 шамасында Қаратауға жауған жаңбыр ауылдың ішіне кірді. Біз ойлағаннан да қатты жауын жауды. 14 үйдің ауласына, бір үйдің кіреберіс дәлізіне су кірді", - дейді Шетпе ауылының әкімі Айдос Шамғұлов.
Селден Құдай сақтады, басымыз аман, баспанамыз бүтін дейді әкім.
"20 мотопомпа жұмыс істеді, төтенше жағдайлар қызметкерлері, таяу маңдағы ауылдардан көмек келді. Кейбір үйлердің қоршаулары мен әжетханалары құлады. Бірақ тұрғын үй, гараж деген нысандар аман", - дейді Айдос Шамғұлов.
Жалпы Шетпе ауылында 2997 үй, 17 мың тұрғын тұрады.
 Алматыдағы сел - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2024
Алматыда сел қаупі картасы қашан жасалады
Жаңалықтар
0