Астанадағы дәмханада бойжеткеннің үстіне ыстық май төгіліп кетті (ВИДЕО)

CC0 / Luiz Fernando Miguel / Жареная картошка
Жареная картошка - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2025
Жазылу
Ооқиға Shaurma Food дәмханасында болған
АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Астанадағы дәмханада жұмысшы күйіп қалды. Оқиға қалай, қашан болғанын Sputnik Қазақстан тілшісі айтады.
Дәмханада абайсызда майға күйіп қалған жұмысшының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Талайдың денесін тітіркендірген бұл оқиға Астанадағы Shaurma Food дәмханасында болған.
Бейнежазбада ыдыстағы ыстық майды жұмысшы әріптесінің үстіне құйып алады. Оқиға мамыр айының соңында болған.
"Бұл оқиға мамыр айының соңында болған. Күйіп қалған жәбірленуші көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды. Барлық қажетті стационарлық емдеуді алғаннан кейін науқас 2 маусымда ауруханадан шығарылды", - дейді Астана денсаулық сақтау басқармасы.
Майға күйген дәмхана жұмысшысы кәмелетке толмаған.
2 жасар бүлдіршін балабақшада күйіп қалған: анасы әділдік іздейді - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
2 жасар бүлдіршін балабақшада күйіп қалған: анасы әділдік іздейді
Жаңалықтар
0