2025-2026 оқу жылында оқушылар қанша күн демалады

© SputnikМальчик переходит дорогу
Мальчик переходит дорогу - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мектеп демалысының жаңа бекітілген кестесін жариялады.
Оқу процесі 2 қыркүйектен басталып, 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның өткізілетін күні мен уақытын мектептің педагогикалық кеңесі шешеді.
Бірінші тоқсанда оқуға 8 апта беріледі. Күзгі демалыс 27 қазаннан 2 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.
Екінші тоқсанда 8 оқу аптасы бар. Қысқы демалыс 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін қоса алғанда 10 күнтізбелік күнге жалғасады.
Бірінші сыныптар 2026 жылғы 9-15 ақпан аралығында 7 күн қосымша демалады.
Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 2026 жылғы көктемгі демалыс 19-29 наурызды қоса алғанда 11 күнге жалғасады.
Ал төртінші тоқсанда оқушылар 8 апта оқиды. Оқу жылы 25 мамырда бітеді.
© Photo : Оқу-ағарту министрлігі2025-2026 оқу жылында оқушылар қанша күн демалады
2025-2026 оқу жылында оқушылар қанша күн демалады - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2025
2025-2026 оқу жылында оқушылар қанша күн демалады
Жаңалықтар
0