https://sputnik.kz/20250727/tuzeu-mekemesinde-beynekamerany-buldirgen-35-sottalushynyn-zhazasy-auyrlady-55971483.html
Түзеу мекемесінде бейнекамераны бүлдірген 35 сотталушының жазасы ауырлады
Түзеу мекемесінде бейнекамераны бүлдірген 35 сотталушының жазасы ауырлады
Sputnik Қазақстан
Түзеу мекемелерінде 43 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді 27.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-27T13:09+0500
2025-07-27T13:09+0500
2025-07-27T13:09+0500
бейнекамера
түрме
https://sputnik.kz/img/388/09/3880950_0:79:2016:1213_1920x0_80_0_0_e55c4cf96161bfca86bdc1981df8648c.jpg
АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Түзеу мекемелерінде бейнебақылау камераларын бүлдірген сотталушылардың жазасы ауырлады, деп хабарлайды Polisia.kz.Бейнекамераны бүлдірген 35 сотталғанға қосымша жаза мерзімі белгіленіп, олар келтірілген материалдық шығынды азаматтық тәртіппен өтеуге міндеттелді.Бүгінде Қазақстан бойынша 78 түзеу мекемесінде 43 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, 428-1-бап бойынша құқықбұзушылықтар саны азая бастаған. Бұл өзгеріс бейнебақылау жүйесінің тиімділігін ғана көрсетіп қоймай, қымбат құрал-жабдықтардың сақталуына және мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеуге де оң әсерін тигізуде.Айта кетейік, былтыр шілде айынан бастап Қылмыстық кодекске 428-1-бап енгізілді. Бұл жаңа норма бойынша түзеу мекемелеріндегі бейнебақылау камераларын әдейі бүлдірген немесе істен шығарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл өзгеріс камераларды қасақана зақымдау жағдайларының жиілеп кетуімен тікелей байланысты. Жаңа бап күшіне енген алғашқы жылдың өзінде-ақ 70-тен астам қылмыстық іс тіркелген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/388/09/3880950_148:0:1869:1291_1920x0_80_0_0_b5d7899892b68ecae399548ecdbb0036.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бейнекамера, түрме
Түзеу мекемесінде бейнекамераны бүлдірген 35 сотталушының жазасы ауырлады
Түзеу мекемелерінде 43 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді
АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Түзеу мекемелерінде бейнебақылау камераларын бүлдірген сотталушылардың жазасы ауырлады, деп хабарлайды
Polisia.kz. Бейнекамераны бүлдірген 35 сотталғанға қосымша жаза мерзімі белгіленіп, олар келтірілген материалдық шығынды азаматтық тәртіппен өтеуге міндеттелді.
"Мысалы, Шымкент қаласындағы №55 мекемесінде 13 сотталған адам бейнебақылау жүйесін әдейі істен шығарғаны үшін әрқайсысы 6 жылдан қосымша мерзімге сотталды", - дейді ведомство.
Бүгінде Қазақстан бойынша 78 түзеу мекемесінде 43 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, 428-1-бап бойынша құқықбұзушылықтар саны азая бастаған. Бұл өзгеріс бейнебақылау жүйесінің тиімділігін ғана көрсетіп қоймай, қымбат құрал-жабдықтардың сақталуына және мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеуге де оң әсерін тигізуде.
Айта кетейік, былтыр шілде айынан бастап Қылмыстық кодекске 428-1-бап енгізілді. Бұл жаңа норма бойынша түзеу мекемелеріндегі бейнебақылау камераларын әдейі бүлдірген немесе істен шығарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл өзгеріс камераларды қасақана зақымдау жағдайларының жиілеп кетуімен тікелей байланысты. Жаңа бап күшіне енген алғашқы жылдың өзінде-ақ 70-тен астам қылмыстық іс тіркелген.