https://sputnik.kz/20250727/asu-almabaev-ufc-de-besinshi-ret-zheniske-zhetti-55969472.html
Асу Алмабаев UFC-де бесінші рет жеңіске жетті
Асу Алмабаев UFC-де бесінші рет жеңіске жетті
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық файтер UFC рейтингінде тоғызыншы орында тұр 27.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-27T09:36+0500
2025-07-27T09:36+0500
2025-07-27T09:36+0500
ufc
ufc чемпионы
қазақстан
жеңіс
https://sputnik.kz/img/07e8/03/0a/42773248_0:363:1080:971_1920x0_80_0_0_25a9257bde1d296f6090dcb5ccbd511d.jpg
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде қазақ Асу Алмабаев (21-3) перулік файтер Хоче Очоамен (8-1) жекпе-жек өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды 1bol.kz сайты.Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Алғашқы екі раундта Асу перуліктен партерде де, ашық төбелесте де басым болған. Ал үшінші кезеңде екі рет қылқындыру әдісіне түсіп қалды. Соған қарамастан раундты соңына дейін жеткізіп, жеңіс тұғырына көтерілді.Айта кету керек, Асу Алмабаев UFC-де алтыншы жекпе-жегін өткізіп отыр. Оның бесеуінде жеңіске жетіп, бірінде жеңілген. Соңғы кездесуі анголалық Манелу Капеге қарсы өтіп, қазақ файтерінің жеңілісімен аяқталды (техникалық нокаут). Соған қарамастан отандасымыз UFC рейтингінде тоғызыншы орында тұр.
https://sputnik.kz/20241208/shavkat-rakhmonov-ien-gerridi-zhengeni-ushin-qansha-gonorar-aldy-49126046.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/0a/42773248_0:262:1080:1072_1920x0_80_0_0_ca2e7a965f30d2c556db67366aca5b40.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ufc, ufc чемпионы, қазақстан, жеңіс
ufc, ufc чемпионы, қазақстан, жеңіс
Асу Алмабаев UFC-де бесінші рет жеңіске жетті
Қазақстандық файтер UFC рейтингінде тоғызыншы орында тұр
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде қазақ Асу Алмабаев (21-3) перулік файтер Хоче Очоамен (8-1) жекпе-жек өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды
1bol.kz сайты.
Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Алғашқы екі раундта Асу перуліктен партерде де, ашық төбелесте де басым болған. Ал үшінші кезеңде екі рет қылқындыру әдісіне түсіп қалды. Соған қарамастан раундты соңына дейін жеткізіп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Айта кету керек, Асу Алмабаев UFC-де алтыншы жекпе-жегін өткізіп отыр. Оның бесеуінде жеңіске жетіп, бірінде жеңілген. Соңғы кездесуі анголалық Манелу Капеге қарсы өтіп, қазақ файтерінің жеңілісімен аяқталды (техникалық нокаут). Соған қарамастан отандасымыз UFC рейтингінде тоғызыншы орында тұр.