Жоғалған әскери тікұшақты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр - министрлік

© Sputnik/Ертай СарбасовЖоғалған әскери тікұшақты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр - министрлік
Жоғалған әскери тікұшақты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр - министрлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2025
Жазылу
Жұмыстар күшейтілген режимде және тәулік бойы жүргізіліп келеді
АЛМАТЫ, 27 шілде - Sputnik. Сорбұлақ су қоймасы ауданында жоғалып кеткен әуе қорғанысы күштері тікұшағының бортында болғандарды іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Бұл туралы қорғаныс министрлігі ресми хабарлады.
"Жұмыстар күшейтілген режимде және тәулік бойы жүргізіліп келеді. Операцияға 400-ге жуық адам, 70-тен астам жер үсті техникасы, 21 жүзу құралы, 10 ҰҰА, эхолоттар, су асты сканерлеу құралдары, сондай-ақ кинологиялық есептоптар тартылды. Жергілікті жерде басшылықты қарулы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Ізбасов Асқар Ғадылшаұлы жүзеге асырады", - делінген хабарламада.
Күш-құралдардың құрамы:
қорғаныс министрлігінен - 193 әскери қызметші, 4 ұшқышсыз ұшу аппараты, 25 бірлік техника, 8 жүзу құралы. Әуе ұшулары орындалуда.
төтенше жағдайлар министрлігінен - 87 адам, 22 бірлік техника, 10 жүзу құралы, 7 ҰҰА, 2 эхолот, сүңгуірлер және 2 кинологиялық есептоп.
ішкі істер министрлігінен - 102 қызметкер, 30 бірлік техника.
әкімдіктен - 2 автомобиль, 3 жүзу құралы.
"Жету қиын және терең учаскелермен қоса акватория мен жағалау аймағын кешенді зерттеу де жүргізілуде. Іздеу шаралары күндіз де, түнде де тоқтамайды. Жоғалған адамдардың туыстарымен ұдайы байланыс ұйымдастырылды. Оларға операцияның барысы туралы уақтылы хабарланады", - дейді министрлік.
Министрліктің хабарлауынша іздестіру-құтқару іс-шаралары түпкілікті нәтижелер алынғанға дейін жалғасатын болады. Барысы мен қорытындысы туралы қосымша хабарланатын болады.
Еске сала кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған.
Показательные выступления десантников на мероприятии ко Дню Десантно-штурмовых войск Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2025
Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кетті
Жаңалықтар
0