Ақтөбеде мешітке келген әйелге тиіскен ер адам жауапқа тартылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевАқтөбеде мешітке келген әйелге тиіскен ер адам жауапкершілікке тартылды
Ақтөбеде мешітке келген әйелге тиіскен ер адам жауапкершілікке тартылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2025
Жазылу
Оған қоғамдық орында тиісу дерегіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды
АСТАНА,27 шілде - Sputnik. Ақтөбе қаласындағы "Нұр Ғасыр" мешітінен шығатын жерде белгісіз ер адам келуші қыздың жолын бөгеп, әдепсіз астары бар сөздер айтқан.
Аталған оқиға видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды. Ақтөбе облысы полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ер адамның жеке басы анықталды.

"Мән-жайды анықтау үшін күдікті ішкі істер органдарына жеткізілді. Құқықбұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оған мұндай әрекеттерге жол бермеу керектігі жөнінде қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар оған қоғамдық орында тиісу дерегіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілетін болады.
Алматы облысында мешіт жанынан адамның мәйіті табылды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2025
Алматы облысында мешіт жанынан адамның мәйіті табылды
Жаңалықтар
0