Алматы облысында Ақсай шатқалы өртеніп жатыр

© Photo : пресс-служба КЧСАлматы облысында Ақсай шатқалы өртеніп жатыр
Алматы облысында Ақсай шатқалы өртеніп жатыр   - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2025
Жазылу
Жақын маңдағы саяжай учаскелерінің тұрғындары алдын ала эвакуацияланды
АЛМАТЫ, 27 шілде - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданында Ақсай шатқалы өртеніп жатыр, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт Көклайсай саяжайлары ауданында болды. Өрттің ауданы анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
"Жақын маңдағы саяжай учаскелерінің тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Қазіргі уақытта тұрғын үйлер мен іргелес аумақтарға өрттің таралу қаупі жойылды", - дейді ведомство.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы әскери бөлімінің күштері мен құралдары, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлері дереу жіберілді. Барлығы 100- ден астам адам мен 16 бірлік техника жұмылдырылды.
"Өрт сөндіру жергілікті жердің күрделі рельефімен және ауа райы жағдайларымен күрделенуде, алайда өртті жою жұмыстары жалғасып жатыр", - дейді өрт сөндірушілер.
Қазақстанның оңтүстігінде өрт қауіптілігінің ең жоғары деңгейі белгіленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2025
Қазақстанның оңтүстігінде өрт қауіптілігінің ең жоғары деңгейі белгіленді
Жаңалықтар
0