https://sputnik.kz/20250726/qosshyda-on-bir-zhyldan-keyin-uleskerler-oz-paterlerine-qol-zhetkizdi-55964938.html
Қосшыда он бір жылдан кейін үлескерлер өз пәтерлеріне қол жеткізді
Қосшыда он бір жылдан кейін үлескерлер өз пәтерлеріне қол жеткізді
Sputnik Қазақстан
Салтанатты шара Қосшы қаласының туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр 26.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-26T18:19+0500
2025-07-26T18:19+0500
2025-07-26T18:19+0500
үлескерлер
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1a/55961608_297:176:967:553_1920x0_80_0_0_6ea03b425e9f23969a2950ce061e606f.jpg
АСТАНА, 26 шілде - Sputnik. Бүгін Қосшы қаласында жүздеген адамның жылдар бойы күткен қуанышты сәті туды. "Сиреневый сад" тұрғын үй кешенінің үлескерлері пәтер кілттерін алды. 2013 жылы құрылысына қаржы салған 110 отбасы он бір жылдан кейін өз баспанасына ие болды, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.Көп жылдан бері қаңырап бос тұрған бұл тұрғын үй кешеніне жаңа "Ынтымақ" атауы берілді."Кешен құрылысын қайта жандандыру үшін облыс әкімдігі "КГС Сауда" ЖШС-мен келіссөздер жүргізіп, нақты уағдаластыққа қол жеткізді. Құрылыс былтыр жылдың соңында қайта басталып, небәрі бірнеше айдың ішінде толық аяқталды", - делінген әкімдік хабарламасында.Бүгін кілттер "Жайлау Сити" тұрғын үй кооперативінің төрайымы Гүлнар Мермұқановаға табысталды.Қоныс иелері сезімдерін жасырған жоқ. Көпшілігі үмітін үзген еді, алайда бүгін олар жаңа баспаналарының табалдырығын аттады."Осы он бір жылда барлық есікті қақтық, талай жерге жүгіндік. Көпшілігіміз пәтер аламыз деген үміттен айырылған едік. Енді, міне, облыс басшылығының қолдауының арқасында армандаған үйімізге қол жеткіздік. Баршаға құтты болсын дейміз", – деді Гүлзахра Егембердиева."Ынтымақ" кешенінің аяқталуы өңірдегі ұзаққа созылған құрылыстар мәселесін шешудегі маңызды қадам болды. Алдағы кезеңде "Diamond Park" тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары жақын арада басталады.
https://sputnik.kz/20211130/elorda-problemalyk-yi-video-18792084.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1a/55961608_356:180:886:577_1920x0_80_0_0_4fa693a6e0a4158c3b497daf7e7d2be8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үлескерлер
Қосшыда он бір жылдан кейін үлескерлер өз пәтерлеріне қол жеткізді
Салтанатты шара Қосшы қаласының туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр
АСТАНА, 26 шілде - Sputnik. Бүгін Қосшы қаласында жүздеген адамның жылдар бойы күткен қуанышты сәті туды. "Сиреневый сад" тұрғын үй кешенінің үлескерлері пәтер кілттерін алды. 2013 жылы құрылысына қаржы салған 110 отбасы он бір жылдан кейін өз баспанасына ие болды, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.
Көп жылдан бері қаңырап бос тұрған бұл тұрғын үй кешеніне жаңа "Ынтымақ" атауы берілді.
"Кешен құрылысын қайта жандандыру үшін облыс әкімдігі "КГС Сауда" ЖШС-мен келіссөздер жүргізіп, нақты уағдаластыққа қол жеткізді. Құрылыс былтыр жылдың соңында қайта басталып, небәрі бірнеше айдың ішінде толық аяқталды", - делінген әкімдік хабарламасында.
Бүгін кілттер "Жайлау Сити" тұрғын үй кооперативінің төрайымы Гүлнар Мермұқановаға табысталды.
"2014 жылы сенімсіз құрылыс компаниясына қаржы салдық. Сол күннен бастап қиын кезеңдерді бастан өткердік. Бүгінгі күн жай ғана қуаныш емес, қауіпсіздік пен тыныштыққа қол жеткізгеніміздің белгісі. Бұл – көзіміздегі бақыттың жасы", – деді Гүлнар Мермұқанова.
Қоныс иелері сезімдерін жасырған жоқ. Көпшілігі үмітін үзген еді, алайда бүгін олар жаңа баспаналарының табалдырығын аттады.
"Осы он бір жылда барлық есікті қақтық, талай жерге жүгіндік. Көпшілігіміз пәтер аламыз деген үміттен айырылған едік. Енді, міне, облыс басшылығының қолдауының арқасында армандаған үйімізге қол жеткіздік. Баршаға құтты болсын дейміз", – деді Гүлзахра Егембердиева.
"Ынтымақ" кешенінің аяқталуы өңірдегі ұзаққа созылған құрылыстар мәселесін шешудегі маңызды қадам болды. Алдағы кезеңде "Diamond Park" тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары жақын арада басталады.