https://sputnik.kz/20250726/atyrau-oblysynda-lotos-festivali-otip-zhatyr-55963701.html
Атырау облысында лотос фестивалі өтіп жатыр
Атырау облысында лотос фестивалі өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 26 шілде - Sputnik. Атырау облысында "LOTUS FEST – 2025" халықаралық фестивалі басталды, деп хабарлайды өңір әкімдігі. 26.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-26T16:18+0500
2025-07-26T16:18+0500
2025-07-26T16:18+0500
гүл
атырау облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1a/55956580_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_0d17bf8f79b27f148a06aab96c79b303.jpg
АЛМАТЫ, 26 шілде - Sputnik. Атырау облысында "LOTUS FEST – 2025" халықаралық фестивалі басталды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.Биыл іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Фестивальдің негізгі мақсаты – өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және туризмді дамыту.Гүлдеген лотостың сұлулығын көруге 3000-нан астам турист барған. Олардың қатарында еліміздің батыс өңірлерінен және көршілес Ресейден келген меймандар бар.Фестиваль аясында Астрахань облысынан барған Құрманғазы атындағы Өңірлік мәдениет орталығы қонақтарға мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды. Сондай-ақ жергілікті әртістердің қатысуымен театрландырылған көріністер қойылып, танымал би топтарының өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1a/55956580_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_e63830a7529a3a4ef77cceaf97cdc16a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
гүл, атырау облысы
Атырау облысында лотос фестивалі өтіп жатыр
АЛМАТЫ, 26 шілде - Sputnik. Атырау облысында "LOTUS FEST – 2025" халықаралық фестивалі басталды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Биыл іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Фестивальдің негізгі мақсаты – өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және туризмді дамыту.
"Айта кетерлігі, Қазақстанда лотос табиғи жағдайда тек Қиғаш өзенінің сағасында – Құрманғазы ауданы аумағында ғана өседі. Сондықтан бұл фестиваль ел ауқымындағы ерекше әрі бірегей оқиға болып саналады", - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов.
Гүлдеген лотостың сұлулығын көруге 3000-нан астам турист барған. Олардың қатарында еліміздің батыс өңірлерінен және көршілес Ресейден келген меймандар бар.
Фестиваль аясында Астрахань облысынан барған Құрманғазы атындағы Өңірлік мәдениет орталығы қонақтарға мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды. Сондай-ақ жергілікті әртістердің қатысуымен театрландырылған көріністер қойылып, танымал би топтарының өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.