Қазақстан мен Ресей құтқарушылары ауқымды трансшекаралық жаттығулар өткізді
12:00 25.07.2025 (жаңартылды: 12:01 25.07.2025)

© Photo : Комитет противопожарной службы МЧС РК
Жазылу
Ауқымды шараның мақсаты - екі ел шекарасындағы өртке дайындығын тексеру
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Павлодар облысының Тереңкөл ауданында орман және дала өртін сөндіру бойынша "Орман-2025" ауқымды трансшекаралық оқу-жаттығуы өтті.
Оқу-жаттығуды облыстық төтенше жағдайлар департаменті Ресей ТЖМ Новосібір облысы бойынша бас басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

"Орман-2025": құтқарушылар ауқымды трансшекаралық оқу-жаттығуын өткізді
© Photo : Комитет противопожарной службы МЧС РК
"Оқу-жаттығудың мақсаты – трансшекаралық төтенше жағдайлар туындаған кезде бірлескен ден қоюды жетілдіру. Сценарий шеңберінде жедел ақпарат алмасуға, барлық деңгейдегі іс-қимылдарды үйлестіруге, авиациялық техника мен дрондарды пайдалануға, сондай-ақ эвакуациялық іс-шараларды жүргізуге ерекше назар аударылды", - делінген хабарламада.
Шартты өрт найзағайдан басталып, Трофимов орманшылығының 33 блогының орманды-дала аймағындағы құрғақ өсімдіктердің өртенуіне себеп болды. Құрғақ ауа-райы мен қатты желдің әсерінен өрт тез таралып, орман алқаптары мен шекаралас аймақтарға өту қаупін тудырды.

"Орман-2025": құтқарушылар ауқымды трансшекаралық оқу-жаттығуын өткізді
© Photo : Комитет противопожарной службы МЧС РК
Өртті сөндіру үшін соқалы тракторлар, аспалы бүрiккiштер, хлопушкалар, сондай-ақ автоцистерналар тартылды. Өрттің периметрі бойымен минералданған жолақтар төселді, барлау үшін дрондар қолданылып, қорғаныш шекаралары құрылды. Оның ішінде Сұлу-ағаш қыстағында өрттің елді мекенге өтуіне жол бермеу үшін қосымша күштер жіберілді.

"Орман-2025": құтқарушылар ауқымды трансшекаралық оқу-жаттығуын өткізді
© Photo : Комитет противопожарной службы МЧС РК
Мұндай оқу-жаттығуларды өткізу әсіресе климаттың өзгеруі, табиғи өрттердің жиілеуі және шекара аймағында орын алу жағдайында өзекті. Іс-қимылдардың үйлесімділігі, дайындығын тексеру және көрші елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту халықты тиімдірек қорғауға мүмкіндік бермек.
