Қаржы пирамидасынан мыңнан астам қазақстандық зардап шекті

© Sputnik / Абзал КалиевМонеты, Финансовая пирамида
Монеты, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2025
Жазылу
Күдіктілер салымшыларға 5 ай ішінде 20-30% мөлшерінде ай сайынғы кіріс беруге уәде еткен
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Қаржы мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті "Moon gold" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Өзін зергерлік бұйымдар сататын компания ретінде көрсеткен күдіктілер салымшыларға 5 ай ішінде салынған сомадан 20-30% мөлшерінде ай сайынғы кіріс беруге уәде еткен, сондай-ақ негізгі капиталдың сақталуына кепілдік берген", - дейді департамент.
Ведомствоның мәліметінше, қаржы пирамидасына мыңнан астам салымшы тартылған. Шығын 500 млн теңгеден асты.
"Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер құны 280 млн теңге болатын элиталық үй мен автокөлік сатып алған", - делінген хабарламада.
Тінту барысында қолма-қол 15 млн теңге, сондай-ақ құны 28 млн теңгеден асатын 67 алтын бұйым тәркіленді. Күдіктілер 2 айға қамауға алынды.
Мейірхан Шерниязов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2025
Қаржы пирамидасын құрды: блогер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты
Жаңалықтар
0