"Емделу құны өспейді": Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОперация
Операция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2025
Жазылу
Медициналық қызметтер тарифінің артуы емделу құны өседі дегенді білдірмейді
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі БАҚ-та медициналық қызметтер тарифінің артуы "емделу құнының қымбаттауына себеп болады" деген ақпараттың таралуына байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бұл – бұрмаланған ақпарат. Медициналық қызметтер тарифі – бұл мемлекет бекіткен сомалар. Яғни, емханалар мен ауруханалар сияқты медициналық ұйымдарға пациенттерді емдегені үшін төленетін қаражат. Бұл төлемдер Медициналық сақтандыру қоры арқылы жүзеге асырылады", - деп мәлімдеді министрлік.
Егер азамат медициналық көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы немесе мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек (ТМККК) аясында алса, ол ешқандай төлем жасамайды.
"Алайда бұл қызмет үшін Медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымға бекітілген тариф бойынша ақы төлейді. Мәселен, операция үшін 50 000 теңге немесе дәрігер кеңесі үшін 5 000 теңге. Сондықтан медициналық қызметтер тарифінің артуы – халық үшін емделу бағасының өсуі дегенді білдірмейді", - деп түсіндірді ведомство.
2025 жылдың 22 шілдесінде жарияланған Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хабарламасында ("Қоғамдық кеңесте медициналық сақтандыру жүйесіндегі негізгі өзгерістер талқыланды") 2026 жылдан бастап тоғыз негізгі бағыт бойынша тарифті көтеру жоспарланғаны айтылған болатын. Бұл тарифтер 2020 жылдан бері қайта қаралмаған және медициналық қызметтердің нақты өзіндік құнын толық жаппайды.
Хабарламада тарифтерді өзектендіру стационарлық сектордағы созылмалы қаржыландыру тапшылығын жою және медициналық қызметтердің нақты құнын өтеу мақсатында жүргізіліп жатқаны аталып өткен.
"Бұл сонымен қатар медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі", - дейді министрлік.
Азаматтар үшін мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек (ТМККК) пен МӘМС пакеттеріне кіретін барлық қызмет бұрынғыша тегін болып қала береді.
Жаңалықтар
0