https://sputnik.kz/20250725/almaty-oblysynda-tauda-quragan-shop-ortenip-zhatyr-55945019.html
Алматы облысында тауда қураған шөп өртеніп жатыр
Алматы облысында тауда қураған шөп өртеніп жатыр
Sputnik Қазақстан
Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ 25.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-25T20:18+0500
2025-07-25T20:18+0500
2025-07-25T20:21+0500
алматы облысы
өрт
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468832_0:257:2730:1793_1920x0_80_0_0_ec577802ddd3a4056070ea64647e8113.jpg
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Алматы облысында тау бөктерінде қураған шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.Оқиға орнына жеткен кезде ашық таулы жерде қураған өсімдіктердің өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің алдын ала аумағы 7-8 гектарды құрайды.Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 70-ке жуық қызметкері мен 9 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығы қызметкерлері жұмылдырылды.Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468832_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_9e3cec8eac9b724a4302fd570d49ab30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, өрт
Алматы облысында тауда қураған шөп өртеніп жатыр
20:18 25.07.2025 (жаңартылды: 20:21 25.07.2025) Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Алматы облысында тау бөктерінде қураған шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
"Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "112" қызметіне Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округінде орналасқан бау-бақша кооперативі аумағында таулы аймақта қураған шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына жеткен кезде ашық таулы жерде қураған өсімдіктердің өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің алдын ала аумағы 7-8 гектарды құрайды.
"Тік бедерлер мен өрлер өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - дейді құтқарушылар.
Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 70-ке жуық қызметкері мен 9 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығы қызметкерлері жұмылдырылды.
Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.