Шымкентте жолаушылардың өміріне қауіп төндірген екі жүргізуші жауапқа тартылды

© Photo : Pixabay / Pexels Мужчина за рулем
Мужчина за рулем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2025
Жазылу
Оларға қатысты бірнеше бап бойынша әкімшілік шара қолданылды
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Шымкентте жол ережесін сақтамай, жұрттың тыныштығын бұзған екі жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полицияға сілтеме жасап.
Жол жүру ережесін өрескел бұзған тұрғындар әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықталды. Видеодан екі автокөліктің қозғалыс тәртібін сақтамай, өзгеге қауіп төндіргенін көруге болады.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді ұстады. Оларға қатысты бірнеше бап бойынша әкімшілік шара қолданылды.
"Атап айтқанда, көлік құралын пайдалану қағидасын бұзу, тыныштықты бұзу және тексеру барысында анықталған басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері бойынша хаттамалар толтырылды", - деп жазылған хабарламада.
Құқық бұзушылардың автокөліктері арнайы айыптұраққа қойылды.
Полиция жолда әр азаматтың тәртіпке бағынуы маңызды екенін еске салды.
"Қоғамдық қауіпсіздік пен тыныштықты бұзатын кез келген заң бұзушылық жазасыз қалмайды. Жол қозғалысы ережесін қатаң сақтау – әр жүргізушінің міндеті", - дейді полицейлер.
Полиция көлігі. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2025
Түркістан облысында көлігінің нөмірін майлықпен жауып қойған жүргізуші қамауға алынды
Жаңалықтар
0