Ресей Қазақстанмен энергетика саласында жаңа жобалардың әлеуетін көріп отыр - Мишустин

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаҚазақстан мен Ресей үкімет басшылары Алтайда кездесті
Қазақстан мен Ресей үкімет басшылары Алтайда кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2025
Жазылу
Қазақстан мен Ресей үкімет басшылары Алтайда кездесті
АСТАНА, 24 шілде-Sputnik. Алтайда ТМД мемлекеттері үкімет басшыларының қатысуымен халықаралық экологиялық конференция басталды.
Манжерок курортында Ресей мен Қазақстан премьер-министрлерінің жеке кездесуі өтті.
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаҚазақстан мен Ресей үкімет басшылары Алтайда кездесті
Встреча премьера Казахстан Олжаса Бектенова с премьером Российской Федерации Михаилом Мишустиным на Алтае - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2025
Қазақстан мен Ресей үкімет басшылары Алтайда кездесті
Кездесу барысында тараптар стратегиялық әріптестік пен одақтастыққа негізделген Қазақстан мен Ресей арасындағы сенім мен сындарлы диалогтың жоғары деңгейін атап өтті.
"Мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша біз өзара сауда көлемін 30 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Инвестициялық ынтымақтастықта зор мүмкіндіктер бар. Жалпы, екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын шешуде ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тиімді қызметін атап өткім келеді", – деді Олжас Бектенов.
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаҚазақстан мен Ресей үкімет басшылары Алтайда кездесті
Встреча премьера Казахстан Олжаса Бектенова с премьером Российской Федерации Михаилом Мишустиным на Алтае - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2025
Қазақстан мен Ресей үкімет басшылары Алтайда кездесті
Михаил Мишустин өз кезегінде Олжас Бектеновке Ресей Қазақстанның жетекші сыртқы сауда серіктестерінің қатарына кіретінін айтты.

"Біз ресейлік және қазақстандық кәсіпорындар бір - бірінің нарығына шығып, бірлескен кәсіпорындар құрып, инвестициялар, технологиялар алмасуы үшін оңтайлы инвестициялық, іскерлік ахуалды қамтамасыз етеміз", - деді Мишустин.

Екі мемлекет арасындағы әріптестікті тереңдету аясында осы жылдың күзінде Орал қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумының дайындық барысына ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық басым бағыттар бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін жеткізді.
Даурен Абаев принял участие в X Невском международном экологическом конгрессе - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2024
Қазақстан мен Ресей арасында стратегиялық әріптестік бар – Абаев
Жаңалықтар
0