https://sputnik.kz/20250724/qyrgyzstanda-otetin-koshpendiler-oyyndarynda-kokpar-bolmaydy-55914336.html
Қырғызстанда өтетін көшпенділер ойындарында көкпар болмайды
Қырғызстанда өтетін көшпенділер ойындарында көкпар болмайды
Sputnik Қазақстан
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы Қырғыз Республикасында өтеді 24.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-24T20:57+0500
2025-07-24T20:57+0500
2025-07-24T20:57+0500
көкпар
қырғызстан
https://sputnik.kz/img/869/43/8694335_0:0:3363:1892_1920x0_80_0_0_e1aa3f91c918d34932d3188c8644c26c.jpg
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Қазақтың көкпары Көшпенділер ойындарының бағдарламасына енген жоқ. Бұл туралы Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігінің директоры Айбек Әбдімомынов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.Алдағы ойындарда көкбөріден турнир жоспарланған, жарыс клубтық жүйе бойынша өтеді.Оның айтуынша, жаңа формат Қырғыз Республикасының Көкбөрі федерациясымен талқыланған.Бұл спорттың саясилану деңгейін төмендетіп, қатысушылардың ұжымдық жұмысын күшейтеді, деп есептейді ведомство басшысы.Астанада өткен Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына көкпар да, көкбөрі де енгізіліп, көкпар турнирінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Екінші орын алған қырғыз спортшылары марапаттау рәсімінде медальді шешіп, марапаттау рәсімі аяқталмай жатып кетіп қалды.
https://sputnik.kz/20240913/qazaq-kokparshylary-keshegi-kikilzhinnin-sebebin-zhariyalady-47077051.html
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/869/43/8694335_96:0:3084:2241_1920x0_80_0_0_e822f5d1c8fa52c683a2199ea6466703.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкпар, қырғызстан
Қырғызстанда өтетін көшпенділер ойындарында көкпар болмайды
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы Қырғыз Республикасында өтеді
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Қазақтың көкпары Көшпенділер ойындарының бағдарламасына енген жоқ. Бұл туралы Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігінің директоры Айбек Әбдімомынов айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қырғызстан. Алдағы ойындарда көкбөріден турнир жоспарланған, жарыс клубтық жүйе бойынша өтеді.
"Клубтар жеребе арқылы әр елден келген ойыншылардан құрылады: әр мемлекеттен бір өкіл жаңа командаға бөлінеді. Мысалы, бір командада Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Венгрия ойыншылары болуы мүмкін", - деп түсіндірді Әбдімомынов.
Оның айтуынша, жаңа формат Қырғыз Республикасының Көкбөрі федерациясымен талқыланған.
Бұл спорттың саясилану деңгейін төмендетіп, қатысушылардың ұжымдық жұмысын күшейтеді, деп есептейді ведомство басшысы.
"Көкбөрі федерациясымен бірнеше кездесу өткізіп, ережелерді егжей-тегжейлі талқыладық. Қауіпсіздік мәселелеріне және қорғаныс жабдықтарының сапасына ерекше назар аудардық. Ереже пысықталды, жақын арада жаңа ережені таныстырамыз", - деді мемлекеттік агенттік басшысы.
Астанада өткен Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына көкпар да, көкбөрі де енгізіліп, көкпар турнирінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Екінші орын алған қырғыз спортшылары марапаттау рәсімінде медальді шешіп, марапаттау рәсімі аяқталмай жатып кетіп қалды.