https://sputnik.kz/20250724/maskeu-izraildin-iordan-zhagalauy-zhonindegi-deklaratsiyasyna-qatysty-ustanymyn-bildirdi-55915407.html
Мәскеу Израильдің Иордан жағалауы жөніндегі декларациясына қатысты ұстанымын білдірді
Мәскеу Израильдің Иордан жағалауы жөніндегі декларациясына қатысты ұстанымын білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Кнессеттің (Израиль парламенті) ел егемендігін Иордан өзенінің Батыс жағалауы аумағына ұзарту туралы декларациясын жүзеге асыру... 24.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-24T21:58+0500
2025-07-24T21:58+0500
2025-07-24T22:00+0500
израиль
ресей
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0b/49908767_0:0:895:503_1920x0_80_0_0_8b133a6bb44a2104f5dccab56e0e2790.jpg
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Кнессеттің (Израиль парламенті) ел егемендігін Иордан өзенінің Батыс жағалауы аумағына ұзарту туралы декларациясын жүзеге асыру Палестина-Израиль қақтығысы аумағында шиеленістің өршуіне әкеледі, деп мәлімдеді Ресей Сыртқы істер министрлігі.Ресей тарапы Палестина мен Израиль арасында тікелей келіссөз жүргізіліп, оның мақсаты Израильмен бейбітшілік пен қауіпсіздікте қатар өмір сүретін тәуелсіз Палестина мемлекетін құру болу керек деп есептейді."Ресей Газадағы соғысты тоқтату, кепілге алынғандар мен тұтқындарды босату, бейбіт процесті қайта бастау негізгі басымдық болу керек деп есептейді", - деп толықтырды министрлік.
израиль
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0b/49908767_137:0:809:504_1920x0_80_0_0_255c2ce128a60fbca1951896019b0ced.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
израиль, ресей
Мәскеу Израильдің Иордан жағалауы жөніндегі декларациясына қатысты ұстанымын білдірді
21:58 24.07.2025 (жаңартылды: 22:00 24.07.2025) АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Кнессеттің (Израиль парламенті) ел егемендігін Иордан өзенінің Батыс жағалауы аумағына ұзарту туралы декларациясын жүзеге асыру Палестина-Израиль қақтығысы аумағында шиеленістің өршуіне әкеледі, деп мәлімдеді Ресей Сыртқы істер министрлігі.
"Израиль парламентарийлерінің бұл қадамы Мәскеуде ең жағымсыз түрде қабылданып отыр. Бұл Палестина аумағының түпкілікті мәртебесі туралы келіссөздердің нәтижесін алдын ала айқындайды және Израильдің "Осло процесі" аясында қабылдаған міндеттемелеріне, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің салалық қарарларының ережелеріне қайшы келеді", - деп жазылған Ресей Сыртқы істер министрлігінің сайтында.
Ресей тарапы Палестина мен Израиль арасында тікелей келіссөз жүргізіліп, оның мақсаты Израильмен бейбітшілік пен қауіпсіздікте қатар өмір сүретін тәуелсіз Палестина мемлекетін құру болу керек деп есептейді.
"Әйтпесе, мұндай әрекеттер Палестина-Израиль қақтығысы аймағында шиеленістің одан әрі өршуіне әкеліп соғатыны сөзсіз, мұның Израильдің өзі үшін де, бүкіл Таяу Шығыс үшін де салдары қандай болатынын болжау қиын", - деп атап өтті Сыртқы істер министрлігі.
"Ресей Газадағы соғысты тоқтату, кепілге алынғандар мен тұтқындарды босату, бейбіт процесті қайта бастау негізгі басымдық болу керек деп есептейді", - деп толықтырды министрлік.