ЕЭК интеграцияның Еуразияның дамуына ықпалы туралы баяндаманы БҰҰ-ға таныстырды

© PhotoФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2025
Жазылу
ЕАЭО елдерінің жиынтық жалпы ішкі өнімі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 4%-ға өсті
АЛМАТЫ, 24 шілде – Sputnik. ЕЭК интеграцияның Еуразияның экологиясы мен дамуына ықпалы туралы баяндаманы БҰҰ-ға таныстырды, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.
185 миллион тұтынушысы, біртұтас нарығы бар Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) табысты жұмыс істеп, келісілген экономикалық саясатты жүзеге асырып отыр, бұл өсімді үдетті, деп мәлімдеді БҰҰ штаб-пәтерінде ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев.
"ЕАЭО елдерінің жиынтық жалпы ішкі өнімі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 4%-ға өсті және екінші жыл қатарынан әлемдік орташа деңгейден жоғары болды", - деп атап өтті ол.
Арзыбек Қожошев ЕАЭО-ның серпінді дамып келе жатқан интеграциялық бірлестік ретіндегі рөліне тоқталды. Бұл ретте еуразиялық экономикалық интеграцияның тереңдеуі еуразиялық "бестік" елдерінің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуіне ықпал ететін елеулі қосымша фактор болады.
Жаңалықтар
0