https://sputnik.kz/20250724/birinshi-synypqa-baratyn-90-mynga-zhuyq-bala-eki-ayda-mektepaldy-dayarlyqtan-otedi-55884059.html
1-сыныпқа баратын 90 мыңға жуық бала екі айда мектепалды даярлықтан өтеді
1-сыныпқа баратын 90 мыңға жуық бала екі айда мектепалды даярлықтан өтеді
Sputnik Қазақстан
Балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін қысқармерзімді "Балақайлар мектебі" бағдарламасы ұйымдастырылды 24.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-24T09:13+0500
2025-07-24T09:13+0500
2025-07-24T09:14+0500
оқу-ағарту министрлігі
1-сынып
https://sputnik.kz/img/07e9/07/18/55884291_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_62dcefacc0fd8529988a89a4bbd8316c.jpg
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Жазғы каникул кезінде бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін қысқармерзімді "Балақайлар мектебі" бағдарламасы ұйымдастырылды. Бұл бастама елімізде осымен екінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.Бағдарлама мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына сәйкес әзірленген және мектепке дейінгі білім мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді.Тамыз айында шамамен тағы да 5,3 мың топ құрып, 65,2 мың баланы қамту жоспарланып отыр. Осылайша, биылғы жазда қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстарымен 90 мыңға жуық бала қамтылады.Айта кетейік, "Балақайлар мектебі" бағдарламасын ұйымдастыру – осыған дейін балабақшаға бармаған балалар үшін мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
https://sputnik.kz/20250603/birinshi-synypqa-eki-ayda-200-mynnan-astam-bala-qabyldandy--ministrlik-54238693.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/18/55884291_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_adb71b5ecd145c510f23025365532e22.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқу-ағарту министрлігі, 1-сынып
оқу-ағарту министрлігі, 1-сынып
1-сыныпқа баратын 90 мыңға жуық бала екі айда мектепалды даярлықтан өтеді
09:13 24.07.2025 (жаңартылды: 09:14 24.07.2025) Балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін қысқармерзімді "Балақайлар мектебі" бағдарламасы ұйымдастырылды
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Жазғы каникул кезінде бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін қысқармерзімді "Балақайлар мектебі" бағдарламасы ұйымдастырылды. Бұл бастама елімізде осымен екінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді, деп хабарлады
оқу-ағарту министрлігі.
Бағдарлама мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына сәйкес әзірленген және мектепке дейінгі білім мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді.
"Жаз маусымының екі айында қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстары шамамен 25 мыңға жуық баланы қамтыды. Оқыту мерзімі бір айға есептелген. Сабақтар күн сайын 30 минуттан, 10 минуттық үзілістермен өтеді. Балаларға бастауыш сыныптың білікті мұғалімдері немесе мектепалды даярлық педагогтері сабақ береді", – деді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.
Тамыз айында шамамен тағы да 5,3 мың топ құрып, 65,2 мың баланы қамту жоспарланып отыр. Осылайша, биылғы жазда қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстарымен 90 мыңға жуық бала қамтылады.
Айта кетейік, "Балақайлар мектебі" бағдарламасын ұйымдастыру – осыған дейін балабақшаға бармаған балалар үшін мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.