https://sputnik.kz/20250724/atyrau-onirinde-ortagasyrlyq-kumis-tiyndar-tabyldy-55908337.html
Атырау өңірінде ортағасырлық күміс тиындар табылды
Атырау өңірінде ортағасырлық күміс тиындар табылды
Sputnik Қазақстан
Құйма ақшаның бір бетінде Меңгу-Темір ханның таңбалары, екінші жағында Қытай иероглифтері бейнеленген 24.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-24T18:32+0500
2025-07-24T18:32+0500
2025-07-24T18:32+0500
археология
монета
https://sputnik.kz/img/07e9/07/18/55908686_0:87:973:634_1920x0_80_0_0_8ae297d62260281cb679a3d1b87cc29f.jpg
АЛМАТЫ, 24 шілде – Sputnik. Атыраулық археологтар "Ақтөбе-Лаэти" қалашығына жүргізілген қазба жұмыстары барысында сирек кездесетін көне күміс монеталар тапты, деп хабарлайды облыстық әкімдік.Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің археологтары анықтаған бұл монеталарды ресейлік нумизматика профессоры зерттеп, бедерлі таңбаларын оқып, жоғары бағалаған.Ежелгі бұйым Жошы Ұлысында құрылған Алтын Орда мемлекетінің билеушісі Меңгу-Темір хан тұсында құйылған ақша тобына жатады.Қазбадан көрнекті артефакт "Тағара" ыдысының да бүтін күйінде табылғаны айтылды."Соңғы екі-үш жылдықта бұл жерге ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Қалашықтың 53 гектар аумағы толықтай қоршалды. Болашақта ашық аспан астындағы музейге айналдыруды жоспарлап отырмыз", - деді облыстық тарихи-мәдени мұраларды зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаев.Бүгінде көне қалашықтың 500 шаршы метр аумағынан аршып алынған артефактілер оқу ордасының зертханасында терең зерттеледі деп жоспарланып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/18/55908686_7:0:967:720_1920x0_80_0_0_e3934a4d119678948050c0b5e48adea8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
археология, монета
Атырау өңірінде ортағасырлық күміс тиындар табылды
Құйма ақшаның бір бетінде Меңгу-Темір ханның таңбалары, екінші жағында Қытай иероглифтері бейнеленген
АЛМАТЫ, 24 шілде – Sputnik. Атыраулық археологтар "Ақтөбе-Лаэти" қалашығына жүргізілген қазба жұмыстары барысында сирек кездесетін көне күміс монеталар тапты, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің археологтары анықтаған бұл монеталарды ресейлік нумизматика профессоры зерттеп, бедерлі таңбаларын оқып, жоғары бағалаған.
Ежелгі бұйым Жошы Ұлысында құрылған Алтын Орда мемлекетінің билеушісі Меңгу-Темір хан тұсында құйылған ақша тобына жатады.
"Бұл тиындар белгілі нумизматик ғалым Павел Петровтың пайымдауынша, ХІІІ ғасырдың екінші жартысына сәйкес келеді. Құйма ақшаның бір бетінде Меңгу-Темір ханның таңбалары, екінші жағында Қытай иероглифтері бейнеленген. Оның себебі Шығысханнан тараған Құбылай ұрпақтары мен Шағатай ұлысы арасында қақтығыстарда қолға түскен саяси тұтқын Номуханмен байланыстырылады", - деді археолог Амангелді Мұғауұлы.
Қазбадан көрнекті артефакт "Тағара" ыдысының да бүтін күйінде табылғаны айтылды.
Археолгиялық зерттеу жұмыстарына Атырау университетінің студенттері де қатысқан

"Соңғы екі-үш жылдықта бұл жерге ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Қалашықтың 53 гектар аумағы толықтай қоршалды. Болашақта ашық аспан астындағы музейге айналдыруды жоспарлап отырмыз", - деді облыстық тарихи-мәдени мұраларды зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаев.
Бүгінде көне қалашықтың 500 шаршы метр аумағынан аршып алынған артефактілер оқу ордасының зертханасында терең зерттеледі деп жоспарланып отыр.