https://sputnik.kz/20250723/mangystau-oblysynda-mekteptegi-akt-zalynyn-tobesi-opyrylyp-tusti-55873370.html
Маңғыстау облысында мектептегі акт залының төбесі опырылып түсті
Маңғыстау облысында мектептегі акт залының төбесі опырылып түсті
Sputnik Қазақстан
Оқыс жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ 23.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-23T16:01+0500
2025-07-23T16:01+0500
2025-07-23T16:15+0500
мектеп
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/131/71/1317169_0:207:3872:2385_1920x0_80_0_0_f0db812fd189b21d29e647d4f96515b6.jpg
АЛМАТЫ, 23 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылында мектептің акт залының төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін таңғы сағат 6:30 шамасында Құрық ауылында орналасқан "жалпы білім беретін мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залының төбесі құлап кетті.Мектеп 2007 жылы құрылысы басталып, 2009 жылы пайдалануға берілген. Білім ошағы апатты деп танылмаған.Қазіргі уақытта оқиға орнына арнайы сарапшылар шақырылып, қажетті тексерулер мен сараптамалар жүргізілуде."Акт залының құлаған төбесі шамамен 250 шаршы метр аумақты алып жатыр. Осы жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды. Толық бағалау нәтижелері және алдағы жөндеу жұмыстары туралы толығырақ ақпарат кейінірек жарияланады", - дейді Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/131/71/1317169_208:0:3664:2592_1920x0_80_0_0_424406764869f0bf0dd8de2ff1fbb4e3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында мектептегі акт залының төбесі опырылып түсті
16:01 23.07.2025 (жаңартылды: 16:15 23.07.2025) Оқыс жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ
АЛМАТЫ, 23 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылында мектептің акт залының төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін таңғы сағат 6:30 шамасында Құрық ауылында орналасқан "жалпы білім беретін мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залының төбесі құлап кетті.
Мектеп 2007 жылы құрылысы басталып, 2009 жылы пайдалануға берілген. Білім ошағы апатты деп танылмаған.
"Құрылысты мердігер "Рап" компаниясы жүргізген. Апатты болмаған. Мектепте 1486 бала, 200-ден астам адам қызмет етеді. Абырой болғанда адам шығыны жоқ", - дейді Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ақмарал Сақтағанова.
Қазіргі уақытта оқиға орнына арнайы сарапшылар шақырылып, қажетті тексерулер мен сараптамалар жүргізілуде.
"Акт залының құлаған төбесі шамамен 250 шаршы метр аумақты алып жатыр. Осы жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды. Толық бағалау нәтижелері және алдағы жөндеу жұмыстары туралы толығырақ ақпарат кейінірек жарияланады", - дейді Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметі.