Төрт адам көз жұмды: Дағыстанда қазақстандық әйел жол апатына себепкер болды

© МВД по Республике Дагестан4 адам қайтыс болды: Дағыстанда Қазақстан азаматы жол апатына түсті
4 адам қайтыс болды: Дағыстанда Қазақстан азаматы жол апатына түсті   - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2025
Жазылу
Қалған 4 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген
АЛМАТЫ, 23 шілде - Sputnik. Дағыстан мемлекетінің Тарумов ауданында Қазақстан азаматының қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Дағыстан Республикасының ішкі істер министрлігі.
Олардың мәліметінше, Қазақстан азаматы жол апатына себепкер болған.

"22 шілде таңғы сағат 08:00-де "Кавказ" федералды автожолының 247 шақырымында Қазақстан Республикасының 39 жастағы азаматшасы басқарған "Чери-Тиго 8 про" автокөлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан Удмуртия тұрғыны басқарған "Лада-Ларгуспен" соқтығысқан", - дейді дағыстандық ведомство.

Жол апатынан 4 адам қаза болып, 4 адам ауруханаға түсті.
"Екі жүргізуші де, сондай-ақ "Ларгус" автокөлігінің 4 және 6 жастағы жолаушылары қайтыс болды. "Ларгус" көлігінің үш жолаушысы: 33 жастағы әйел және 8 және 4 жастағы балалар, сондай-ақ "Чери" көлігіндегі 15 жастағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Абай облысында жүргізуші жол апатынан көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Жаңалықтар
0