Шымкентте алаяққа алданған зейнеткер дропперден 2 млн теңге ақшасын өндіріп алды

© Sputnik / Владислав ВодневШымкентте алаяққа алданған зейнеткер дропперден 2 млн теңге ақшасын өндіріп алды
Шымкентте алаяққа алданған зейнеткер дропперден 2 млн теңге ақшасын өндіріп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2025
Жазылу
Дроппер сотта ақшаны сол қоңырау шалушының өтініші бойынша алғанын, кейін үшінші тұлғаларға аударғанын айтқан
АСТАНА, 22 шілде - Sputnik. Шымкентте алаяққа алдандан зейнеткер сот арқылы дропперден 2 млн теңгесін өндіріп алды, деп хабарлайды қалалық сот.
Шымкент қаласының тұрғынына белгісіз біреу телефон соғып, өзін Ұлттық банк қызметкерімін деп таныстырған. Ол “Заңсыз есептен шығарудың" алдын алу үшін 61 жастағы әйелге өзі көрсеткен есепшотқа қаражат аударуды ұсынған.
Зейнеткер сөзіне сеніп, 2 млн теңге аударып жіберген. Ол алданғанын кейін түсініп, сотқа жүгінеді.

"Жауапкер (дроппер) сотта ақшаны сол қоңырау шалушының өтініші бойынша алғанын, кейін үшінші тұлғаларға аударғанын айтты. Алайда, ол қаражатты алудың заңды негіздерін растай алмаған. Осыған байланысты оның әрекеті алынған қаражатты өз бетінше пайдалану деп бағаланды.Сот, оның банк картасының иесі, әрі шоттағы барлық операциялар үшін толық жауапты екенін көрсетті", - делінген хабарламада.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот жауапкерден талап қоюшының пайдасына негізсіз баю ретінде 2 млн. өндірді.
Банковская карта и клавиатура компьютера, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2024
Дроппер екеніңізді білмей жүрген жоқсыз ба? Полицейлер дабыл қақты
Жаңалықтар
0