Қазақстан мен Өзбекстан арасында мұнай контрабандасы үшін жерасты тоннелі салынған

© Photo : Агентство по финансовому мониторингу Казахстана Қазақстан мен Өзбекстан арасында мұнай контрабандасы үшін жерасты тоннелі салынған
Қазақстан мен Өзбекстан арасында мұнай контрабандасы үшін жерасты тоннелі салынған - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2025
Жазылу
Халықаралық қылмыстық топ осы схемамен екі ай бойы жұмыс істеген
АЛМАТЫ, 22 шілде - Sputnik. Түркістан облысында Өзбекстанға жанармайды жасырын сатқандарға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Жанармай жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізілген.
"Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта топ мүшелері 450 метрлік жерасты тоннелін қазған", - дейді ведомство.
Халықаралық қылмыстық топ арнайы схемамен 2 ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде шетелден қаржыландырылып отырған жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған логистикалық бағыттар мен жасырын шығару арнасы құрылған.
"Операция барысында Өзбекстан тарапы да өз аумағында дәл осындай шаралар жүргізген. Нәтижесінде қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық күдіктілер анықталды. Арасында Қазақстанның 5 азаматы бар", - дейді агенттік.
Қылмыстық іске қатысты тергеу жарты жылдан аса уақытқа созылып, сотқа жолданды.
Мұнай өнімдері - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жалпы құны 54 млн теңгеден асатын мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы анықталды
Жаңалықтар
0