https://sputnik.kz/20250722/ekibastuzda-qubyr-zharylyp-8-kolikke-zaqym-keldi-55849136.html
Екібастұзда құбыр жарылып, 8 көлікке зақым келді
Екібастұзда құбыр жарылып, 8 көлікке зақым келді
Sputnik Қазақстан
Кәсіпкерлік нысандары мен ғимараттарға зақым келмеген 22.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-22T21:36+0500
2025-07-22T21:36+0500
2025-07-22T22:50+0500
құбыр
жарылыс
екібастұз
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0f/37694380_0:718:2047:1869_1920x0_80_0_0_259664f745d89dd91fc419220b10183c.jpg
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Екібастұз қаласында жылу трассасын тексеру кезінде 500 миллиметрлік құбыр жарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қалалық әкімдіктің мәліметінше "Екібастұз жылу желілері" ЖШС 22 шілдеде жылу желілерінде 16 кгс/см² жоғары қысыммен жоспарлы гидравликалық сынақтар жүргізген.Алдын ала мәлімет бойынша 8 автокөлік бүлінген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Кәсіпкерлік нысандары мен ғимараттарға зақым келмеген.Оқиға орнында полиция қызметкерлері, ТКШ бөлімінің өкілдері және "Екібастұз жылу желілері" ЖШС-нің апаттық бригадасы жұмыс істеп жатыр. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Зақым келген мүлік иелеріне "Екібастұз жылу желілері" ЖШС-не Д.Қонаев көшесі, 105А мекенжайы бойынша немесе 8 (7187) 280-958 телефоны арқылы жүгіну қажет. Шығынды өтеу туралы өтініш беру үшін тәуелсіз бағалау туралы қорытынды болуы шарт.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0f/37694380_0:526:2047:2061_1920x0_80_0_0_086fa3f67991ff4f29209921761e74b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құбыр, жарылыс, екібастұз
құбыр, жарылыс, екібастұз
Екібастұзда құбыр жарылып, 8 көлікке зақым келді
21:36 22.07.2025 (жаңартылды: 22:50 22.07.2025) Кәсіпкерлік нысандары мен ғимараттарға зақым келмеген
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Екібастұз қаласында жылу трассасын тексеру кезінде 500 миллиметрлік құбыр жарылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қалалық әкімдіктің мәліметінше "Екібастұз жылу желілері" ЖШС 22 шілдеде жылу желілерінде 16 кгс/см² жоғары қысыммен жоспарлы гидравликалық сынақтар жүргізген.
"Сынақтар барысында ТМ-11 жылу магистралінде, "УАК" дүкені маңында диаметрі 530 мм құбыр жарылып, желілер өтетін жерде жол жабыны көтеріліп, тұрақта тұрған автокөліктерге зақым келді", - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша 8 автокөлік бүлінген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Кәсіпкерлік нысандары мен ғимараттарға зақым келмеген.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері, ТКШ бөлімінің өкілдері және "Екібастұз жылу желілері" ЖШС-нің апаттық бригадасы жұмыс істеп жатыр. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Зақым келген мүлік иелеріне "Екібастұз жылу желілері" ЖШС-не Д.Қонаев көшесі, 105А мекенжайы бойынша немесе 8 (7187) 280-958 телефоны арқылы жүгіну қажет. Шығынды өтеу туралы өтініш беру үшін тәуелсіз бағалау туралы қорытынды болуы шарт.