Атырау полициясы жол ережесін бұзатындарды дронмен анықтауға кірісті

© Photo : Предоставлено Sergek GroupСистемой Sergek оснастили дроны
Системой Sergek оснастили дроны - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2025
Жазылу
Жолдың қарсы бағытына шығып кеткен 10-ға жуық автокөлік анықталды
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Атырау облысында полицейлер автожолда жол ережесін бұзатын көліктерді дронмен анықтауға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полицейлердің дроны "Доссор – Бейнеу" республикалық маңызы бар тас жолда ұшып жүр. Әуе камерасы арқылы көлік құралдарының қарсы бағытқа шығуы, авариялық жағдай туғызу, маневр жасау ережелерін бұзу сияқты жол ережесін бұзу деректерін анықтауға мүмкіндік бар.
"Мәселен, жолдың қарсы бағытына шығып, басып озу дерегі бойынша 10-ға жуық автокөлік анықталып, жүргізушілерге қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталды. Бұдан бөлек, LED және ксенон жарық шамдарын орнатқан Volkswagen Polo автокөлігі тоқтатылып, жүргізушіге шара қолданылды", - дейді тәртіп сақшылары.
Сондай-ақ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол ережесін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Жаңалықтар
0