https://sputnik.kz/20250722/astanalyq-aru-aleumettik-zheli-arqyly-tanysqan-gashygyna-9-mln-tenge-audaryp-zhibergen--55836620.html
Астаналық ару әлеуметтік желі арқылы танысқан "ғашығына" 9 млн теңге аударып жіберген
Астаналық ару әлеуметтік желі арқылы танысқан "ғашығына" 9 млн теңге аударып жіберген
Sputnik Қазақстан
Полиция мұндай жағдайлардың жиілегенін айтып дабыл қақты 22.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-22T12:15+0500
2025-07-22T12:15+0500
2025-07-22T12:15+0500
алаяқ
полиция
әлеуметтік желілер
https://sputnik.kz/img/812/33/8123349_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ddee0130df3978cd7bb913480bb0a774.jpg
АЛМАТЫ, 22 шілде - Sputnik. Қазақстандық қыздар әлеуметтік желі арқылы танысқан шетелдік "ғашықтарына" алданып жатыр, деп дабыл қақты Polisia.kz. Әлеуметтік желі арқылы махаббатын іздеген қыздардың көбі алаяқтардың құрығына түсіп қалып жатыр. Онлайн махаббаттың соңы жаралы жүрек пен бос әмиян, дейді полиция. Полиция ғаламтор арқылы ғашықтығын білдіретін алаяқтықтардың негізгі белгілерін айтты:ІІМ азаматтарға бейтаныс адамдарға сене бермеуге, күмәнді шоттарға ақша аудармауға, әрдайым ақпаратты мұқият тексеруге кеңес береді.
https://sputnik.kz/20250625/petropavl-turgyny-19-mln-tengesin-alayaqtarga-audaryp-zhibergen-55103273.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/812/33/8123349_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_bebbc6eaebc5b5dd17f302226f5a26b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, полиция, әлеуметтік желілер
алаяқ, полиция, әлеуметтік желілер
Астаналық ару әлеуметтік желі арқылы танысқан "ғашығына" 9 млн теңге аударып жіберген
Полиция мұндай жағдайлардың жиілегенін айтып дабыл қақты
АЛМАТЫ, 22 шілде - Sputnik. Қазақстандық қыздар әлеуметтік желі арқылы танысқан шетелдік "ғашықтарына" алданып жатыр, деп дабыл қақты
Polisia.kz. Әлеуметтік желі арқылы махаббатын іздеген қыздардың көбі алаяқтардың құрығына түсіп қалып жатыр. Онлайн махаббаттың соңы жаралы жүрек пен бос әмиян, дейді полиция.
"Әдемі таныстық, романтикаға толы сөздер, кездесу туралы уәде, тіпті үйлену жайлы арман-мақсаттар... Бірақ кейін әңгіме барысында қиындықтардың туындағаны туралы айтылады. Түрлі сылтау айтып, ақшалай көмек сұрайды. Осындай тізбекпен алданған Астана қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы сөйлескен адамға сеніп, тоғыз миллион теңгесінен айырылған", - дейді ведомство.
Полиция ғаламтор арқылы ғашықтығын білдіретін алаяқтықтардың негізгі белгілерін айтты:
ғашықтық сезімін тез білдіру;
бейнеқоңыраудан немесе жеке кездесуден бас тарту;
аянышты күйге еніп, қиын өмірлік жағдайлар туралы баяндау;
ақша, құжаттар немесе бағалы заттарды жіберуді сұрау.
ІІМ азаматтарға бейтаныс адамдарға сене бермеуге, күмәнді шоттарға ақша аудармауға, әрдайым ақпаратты мұқият тексеруге кеңес береді.