https://sputnik.kz/20250722/23-myn-zhumys-orny-ashylady-ukimet-biylgy-zhobalardy-zhariyalady-55838420.html
"23 мың жұмыс орны ашылады": үкімет биылғы жобаларды жариялады
"23 мың жұмыс орны ашылады": үкімет биылғы жобаларды жариялады
Sputnik Қазақстан
190 өнеркәсіптік жоба іске асырылып жатыр 22.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-22T12:38+0500
2025-07-22T12:38+0500
2025-07-22T12:59+0500
үкімет
жұмыс
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/13/15513158_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_ab42aa9829c86a60ada01a34632ebf2a.jpg
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2025 жылы іске асырылатын жобаларды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қазір жалпы құны 1,6 трлн теңгеге 190 өнеркәсіптік жоба іске асырылып жатыр. Соның барлығы шамамен 23 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ал тау-кен металлургия саласында 444 млрд теңгенің 28 жобасы бар. Осы салада 6,5 мың жұмыс орны ашылады.Сондай-ақ, 2030 жылға қарай Айдарлы, Көксай және Бенқала жаңа ірі кен орындарын іске қосу есебінен мыс кенін өндіру 2 есеге немесе 300 млн тоннаға дейін артады. Ал темір кенін өндіру ішкі сұраныстың өсуінен және жаңа жобалардың қосылу есебінен 40%-ке немесе 52 млн тоннаға дейін өседі.
https://sputnik.kz/20250505/19-mynnan-astam-zhumys-orny-ashylady---ukimet-53167982.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/13/15513158_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_3783e2c82a483017619221faa125fac1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, жұмыс
"23 мың жұмыс орны ашылады": үкімет биылғы жобаларды жариялады
12:38 22.07.2025 (жаңартылды: 12:59 22.07.2025) 190 өнеркәсіптік жоба іске асырылып жатыр
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2025 жылы іске асырылатын жобаларды жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазір жалпы құны 1,6 трлн теңгеге 190 өнеркәсіптік жоба іске асырылып жатыр. Соның барлығы шамамен 23 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ал тау-кен металлургия саласында 444 млрд теңгенің 28 жобасы бар. Осы салада 6,5 мың жұмыс орны ашылады.
“Мәселен, Қарағанды облысындағы тік тігісті болат құбырлары және алюминий радиатор жобалары, Түркістан облысындағы алюминий профильдерін өндіру, Ақмола облысындағы алюминий бұйымдарын шығару, Павлодар облысындағы ферроқорытпа өндірісі, Жамбыл облысындағы катодты мыс өндіру жобалары бар”, - деді вице-министр Олжас Сапарбеков үкіметтің бүгінгі отырысында.
Сондай-ақ, 2030 жылға қарай Айдарлы, Көксай және Бенқала жаңа ірі кен орындарын іске қосу есебінен мыс кенін өндіру 2 есеге немесе 300 млн тоннаға дейін артады.
Ал темір кенін өндіру ішкі сұраныстың өсуінен және жаңа жобалардың қосылу есебінен 40%-ке немесе 52 млн тоннаға дейін өседі.