Жасалмаған жұмысқа 68 млн теңге жұмсалған: геология саласында заңбұзушылық анықталды

© Photo : Пресс-служба Высшей аудиторской палаты Казахстана Жасалмаған жұмысқа 68 млн теңге жұмсалған: геология саласында заң өрескел бұзылды
Жасалмаған жұмысқа 68 млн теңге  жұмсалған: геология саласында заң өрескел бұзылды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2025
Жазылу
Геологиялық барлау және жер қойнауын пайдалану саласындағы өрескел заңбұзушылықтар аудит нәтижесінде белгілі болды
АСТАНА, 21 шілде - Sputnik. Қазақстанның жоғары аудиторлық палатасы геологиялық барлау және жер қойнауын пайдалану саласына аудит жүргізді.
Нәтижесінде мемлекет геологиялық материалдарды цифрландыру бойынша орындалмаған жұмыстарға 68,2 миллион теңге төлегені белгілі болды.
© Photo : Пресс-служба Высшей аудиторской палаты Казахстана Жасалмаған жұмысқа 68 млн теңге жұмсалған: геология саласында заң өрескел бұзылды
Итоги аудита сферы геологоразведки и недропользования рассмотрены в ВАП - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2025
Жасалмаған жұмысқа 68 млн теңге жұмсалған: геология саласында заң өрескел бұзылды
Мұндай заңбұзушылыққа геология комитетінің тарапынан бақылаудың болмауы және мердігердің шарттық міндеттемелерді тиісті орындамауы себеп болған.

"Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геологиялық мәліметтерді цифрландыру, цифрлық деректер банкін құру, қорларды жаңарту және жеке сектордың белсенділігін арттыру бойынша міндеттерді орындамаған. Қазіргі заманғы қор қоймаларының болмауы құнды геологиялық деректердің жоғалу немесе бүліну қаупін тудырады", - деп хабарлады жоғарғы аудиторлық палата.

Расталған қорлардың азаюы себебінен экономикалық айналымға тартылмаған, тек алдын ала бағаланған, бірақ нақты дәлелденбеген "қағаз жүзіндегі" қорлардың үлесі жоғары.
© Photo : Пресс-служба Высшей аудиторской палаты Казахстана Жасалмаған жұмысқа 68 млн теңге жұмсалған: геология саласында заң өрескел бұзылды
Итоги аудита сферы геологоразведки и недропользования рассмотрены в ВАП - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2025
Жасалмаған жұмысқа 68 млн теңге жұмсалған: геология саласында заң өрескел бұзылды

"Қор өсімінің төмендеу себептерінің бірі - жер қойнауын геологиялық зерттеуге тиісті қаржының жеткілікті бөлінбеуі. Барлау құқығына лицензиялық жүйесі енгізілгеніне қарамастан, жер қойнауын пайдаланушылардың инвестициялық белсенділігі төмен", - деп атап өтті аудиторлар.

Сондай-ақ индустрия министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға жұмыс бағдарламаларына міндетті салықтық сараптамасыз өзгерістер енгізуге рұқсат береді. Бұл компанияларға салық салу ережелерін өз қалауынша түсіндіріп, салықтар мен басқа да бюджетке төленетін төлемдерден айналып өтуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жер қойнауын пайдалану жалпы ішкі өнімінің 20%-тен астамын қамтамасыз етеді.
Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Бір пациентке 101 млн теңгенің дәрісін жазып берген - аудит нәтижесі
Жаңалықтар
0