https://sputnik.kz/20250721/semeyde-zhol-erezhesin-oreskel-buzyp-ony-aleumettik-zhelide-zhariyalagan-zhurgizushi-ustaldy-55809081.html
Семейде жол ережесін өрескел бұзып, оны әлеуметтік желіде жариялаған жүргізуші ұсталды
Семейде жол ережесін өрескел бұзып, оны әлеуметтік желіде жариялаған жүргізуші ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ол жол ережесін жүйелі бұзып, оны TikTok әлеуметтік желісіне жүктеп отырған 21.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-21T09:12+0500
2025-07-21T09:12+0500
2025-07-21T09:12+0500
семей
полиция
https://sputnik.kz/img/07e9/07/15/55809359_0:215:789:659_1920x0_80_0_0_05ba7b06cf7226c3338ddab9eb71ec2e.jpg
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Семей қаласы мен оның айналасында жол жүрісі қағидаларын өрескел және қауіпті түрде бұзған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.Toyota Camry 55 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі жол ережелерін қасақана бұзып, бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, TikTok әлеуметтік желісіне жариялап отырған. Бір апта ішінде ол бірнеше ауыр құқықбұзушылықтарға жол берген: Сонымен қатар, автокөлік алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз жүрген және оған пайдалануға тыйым салынған арнайы жарық құрылғылары орнатылған. Полиция жол қозғалысына, қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіпті және заңмен қатаң түрде жазаланатынын ескертеді.
https://sputnik.kz/20250527/53952781.html
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/15/55809359_0:141:789:733_1920x0_80_0_0_fbbda7e695cf95035fcb674a4eb38895.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, полиция
Семейде жол ережесін өрескел бұзып, оны әлеуметтік желіде жариялаған жүргізуші ұсталды
Ол жол ережесін жүйелі бұзып, оны TikTok әлеуметтік желісіне жүктеп отырған
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Семей қаласы мен оның айналасында жол жүрісі қағидаларын өрескел және қауіпті түрде бұзған жүргізуші ұсталды, деп
хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Toyota Camry 55 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі жол ережелерін қасақана бұзып, бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, TikTok әлеуметтік желісіне жариялап отырған.
Бір апта ішінде ол бірнеше ауыр құқықбұзушылықтарға жол берген:
белгіленген жылдамдықты асырған;
төрт жолақты жолда қарсы қозғалыс жолағына шыққан;
бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткені;
маневр жасау қағидаларын бұзған;
көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған және ұялы телефон қолданған.
Сонымен қатар, автокөлік алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз жүрген және оған пайдалануға тыйым салынған арнайы жарық құрылғылары орнатылған.
"Аталған барлық құқықбұзушылықтар бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бірқатар дерек бойынша іс сотқа жолданатын болады. Жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылып, ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін", - дейді полиция.
Полиция жол қозғалысына, қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіпті және заңмен қатаң түрде жазаланатынын ескертеді.