https://sputnik.kz/20250721/qytaydan-100-den-asam-konteynerdi-zansyz-kirgizgen-kinali-tulgalarga-sot-ukimi-shyqty-55809815.html
Қытайдан 100-ден асам контейнерді заңсыз кіргізген кінәлі тұлғаларға сот үкімі шықты
Қытайдан 100-ден асам контейнерді заңсыз кіргізген кінәлі тұлғаларға сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Сот санкциясымен жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын тауарларға, күдіктілерге тиесілі 300 млн теңге сомасындағы мүлікке шектеу қойылды 21.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-21T09:41+0500
2025-07-21T09:41+0500
2025-07-21T09:41+0500
алматы
сот
қылмыс
контрабанда
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0b/34754479_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_7ae716dbc5299039968abe641aefdb9a.jpg
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Қытайдан Қазақстанға, халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелу және аса ірі мөлшерде жалған шот-фактуралар жазу дерегі бойынша қылмыстық іске айыптау үкімі шығарылды.Қылмыстық істі қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті тергеді.Мемлекетке келтірілген залал 10 млрд теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекет бюджетіне 643 млн теңге өндіріп алынды. Сот санкциясымен жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын тауарларға, күдіктілерге тиесілі 300 млн теңге сомасындағы мүлікке (жер телімдері, автокөліктер, багги көліктері, жылжымалы шатырлар және т.б.) шектеу қойылды. Бұған қоса, аталған компаниямен байланыста болған 47 серіктес кәсіпорын өз еркімен өзара есеп айырысуды тоқтатып, бюджетке 240 млн теңге салық төлеген. Сот үкімімен кінәлі тұлғалардың мүлкін тәркілей отырып, 1,4 жылдан 4,6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды. Сонымен қатар, іске қатысы бар бір адамға халықаралық іздеу жарияланды.
https://sputnik.kz/20250623/khalyqaralyq-izdeude-zhurgen-tulgadan-quny-23-mlrd-tengeden-astam-mulki-tarkilendi-55047317.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0b/34754479_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_aeabef42c36c0ef48898ad93d96deeac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, сот, қылмыс, контрабанда
алматы, сот, қылмыс, контрабанда
Қытайдан 100-ден асам контейнерді заңсыз кіргізген кінәлі тұлғаларға сот үкімі шықты
Сот санкциясымен жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын тауарларға, күдіктілерге тиесілі 300 млн теңге сомасындағы мүлікке шектеу қойылды
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Қытайдан Қазақстанға, халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелу және аса ірі мөлшерде жалған шот-фактуралар жазу дерегі бойынша қылмыстық іске айыптау үкімі шығарылды.
Қылмыстық істі
қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті тергеді.
"Тергеу барысында "Group of the Companies TDA" серіктестігі уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие бола тұра, Қытайдан 100-ден астам контейнерді заңсыз жолмен елімізге кіргізгені анықталды. Сонымен қатар, олардың бақылауындағы 10 жауапкершілігі шектеулі серіктестік арқылы жалған шот-фактуралар жазылған", - дейді агенттік.
Мемлекетке келтірілген залал 10 млрд теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекет бюджетіне 643 млн теңге өндіріп алынды.
Сот санкциясымен жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын тауарларға, күдіктілерге тиесілі 300 млн теңге сомасындағы мүлікке (жер телімдері, автокөліктер, багги көліктері, жылжымалы шатырлар және т.б.) шектеу қойылды. Бұған қоса, аталған компаниямен байланыста болған 47 серіктес кәсіпорын өз еркімен өзара есеп айырысуды тоқтатып, бюджетке 240 млн теңге салық төлеген.
Сот үкімімен кінәлі тұлғалардың мүлкін тәркілей отырып, 1,4 жылдан 4,6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды. Сонымен қатар, іске қатысы бар бір адамға халықаралық іздеу жарияланды.