Балабақшаға кезек күткендер саны 44%-ға азайды

© Photo : Esi GrünhagenРебенок играет
Ребенок играет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2025
Жазылу
Бүгінде еліміздегі 11,8 мыңнан астам балабақшада 1 миллионнан астам бала тәрбиеленіп жатыр
АСТАНА, 21 шілде - Sputnik. Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша биыл елімізде 13,2 мың орынды қамтитын 172 мектепке дейінгі ұйым ашылды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, бұл 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1 пайызын мектепке дейінгі біліммен қамтуға мүмкіндік берді.
"Мектепке дейінгі біліммен қамтуды арттыру құрылыс жүргізу, қолданыстағы балабақшаларды кеңейту, тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында шағын орталықтар ашу, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, оның ішінде "ақша балаға беріледі" қағидаты бойынша ваучерлік қаржыландыру есебінен жүзеге асырылуда", - делінген хабарламада.
Ведомство атап өткендей, жаңа ваучерлік қаржыландыру тетігі еліміздің 19 қаласында және 7 ауданында іске асырылды. Ол арқылы 300 мыңға жуық бала мектепке дейінгі білімге қол жеткізді, ал кезек 44 пайызға қысқарды.
Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер желісі кеңейді. Жыл басынан бері олардың саны 4,2 мыңнан 5,5 мыңға дейін артты.
Бұдан бөлек, 260 мемлекеттік балабақшада жөндеу жұмыстары жүргізілуде және олардың материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.
Айта кетері, еліміздегі 11,8 мыңнан астам балабақшада 1 миллионнан астам бала тәрбиеленіп жатыр.
День города в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2024
Елімізде баланы балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай базасы іске қосылды
Жаңалықтар
0