https://sputnik.kz/20250721/atyrau-oblysynda-qustar-neden-qyrylgan-55819232.html
Атырау облысында құстар неден қырылған
Атырау облысында құстар неден қырылған
Sputnik Қазақстан
Шалыга аралынан 250 құстың өлексесі табылған 21.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-21T15:38+0500
2025-07-21T15:38+0500
2025-07-21T15:38+0500
атырау облысы
құс
https://sputnik.kz/img/07e9/07/15/55819067_0:0:720:405_1920x0_80_0_0_ebdd1a53413e9096be49582021e7d38e.jpg
АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Атырау облысында "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы Шалыга аралында құстар қырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Табиғат қорғау мамандары 16 шілдеде резерват аумағына мониторинг жүргізген. Сол кезде №61орам – Шалыга аралынан құстардың өлекселері табылған.Аралға облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тексеру жүргізген.Ведомствоның мәліметінше, жас балапандардың азықтануы, туа бітті ауруы, аралдағы басқа да құстардың шабуылы жаппай қырылуына себеп болуы мүмкін. Бақылау кезінде Шалыга аралынан жыртқыш аңдардың іздері мен кеміргіштер табылған.Үш құстың өлексесіне зертханалық зерттеу жүргізу үшін Астанаға жіберілген. Нәтижесі әлі белгісіз. "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты барлығы 250 құстың өлексесі табылғанын айтады.
https://sputnik.kz/20250107/sarapshylar-mangystauda-itbalyqtardyn-neden-qyrylganyna-bolzham-zhasady-49810719.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/15/55819067_90:0:630:405_1920x0_80_0_0_a1b5302e4cb2ed15cbda77cb14bdb6a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, құс
Атырау облысында құстар неден қырылған
Шалыга аралынан 250 құстың өлексесі табылған
АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Атырау облысында "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы Шалыга аралында құстар қырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Табиғат қорғау мамандары 16 шілдеде резерват аумағына мониторинг жүргізген. Сол кезде №61орам – Шалыга аралынан құстардың өлекселері табылған.
Аралға облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тексеру жүргізген.
"Аралдан өгіз шағала, қылаң қарабас шағаланың өлекселері табылды. Құстардың жаппай қырылу себебітабиғи, экологиялық немесе антропогендік факторларға байланысты болуы мүмкін. Бірақ құстардың өлекселерінен механикалық не антропогендік жарақат іздері табылған жоқ. Алдын ала болжам бойынша - табиғи құбылыс", - деп хабарлады "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесі.
Ведомствоның мәліметінше, жас балапандардың азықтануы, туа бітті ауруы, аралдағы басқа да құстардың шабуылы жаппай қырылуына себеп болуы мүмкін. Бақылау кезінде Шалыга аралынан жыртқыш аңдардың іздері мен кеміргіштер табылған.
Үш құстың өлексесіне зертханалық зерттеу жүргізу үшін Астанаға жіберілген. Нәтижесі әлі белгісіз. "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты барлығы 250 құстың өлексесі табылғанын айтады.