Вьетнамда серуендеу кемесі аударылып кетті: 34 адам қаза тапты

© Sputnik / Наталья СеливерстоваАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Вьетнамның Куангнинь провинциясының жағалауында сенбі күні теңіздегі толқын салдарынан серуендеу кемесі аударылып, 34 адам көз жұмды, деп хабарлайды Вьетнамның VNExpress жаңалықтар порталы.
Кеменің бортында 48 турист пен бес экипаж мүшесі болған.
"Сенбі күні сағат 21:00-де (Астана уақытымен 19:00 – агенттік) іздеу-құтқару операциясын жүргізіп жатқан шекарашылар судан 34 адамның мәйітін тауып, шығарды және 11 адамның құтқарылғанын растады. Тағы сегіз адам із-түзсіз жоғалып кеткен", - деп хабарлайды басылым.
Күндіз нөсер жаңбыр кезінде басталған құтқару операциясы жалғасып жатыр. Оған екі мамандандырылған құтқару катері мен 27 басқа кеме, соның ішінде шекаралық патрульдік катер, әскери-теңіз күштері, полиция катерлері және азаматтық кеме қатысып жатыр, деп хабарлайды портал.
Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чинь сенбі күні кешке қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.
Куангнинь провинциясының шағын кемелер тізілімінің мәліметі бойынша 48 жолаушыны (бес адамнан тұратын экипажды қоспағанда) тасымалдауға арналған ұзындығы 24 метрлік катер 2015 жылы суға түсіріліп, 2025 жылдың қаңтарында техникалық сертификаттаудан өткен.
Древний корабль обнаружили на Каспии - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2025
Каспий жағалауынан бірнеше ғасыр бұрын батып кеткен кеме табылды
Жаңалықтар
0