Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Түркия Украина келіссөзі бойынша тараптардан нақты ақпарат күтіп отыр

© БелТА / Медиабанкке өтуРоссийско-украинские переговоры в Беларуси
Российско-украинские переговоры в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Түркия Ыстанбұлда Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздердің үшінші кезеңін өткізу бойынша тараптардан нақты ақпарат күтіп отыр, деп хабарлады РИА Новостиге түрік дипломатиялық дереккөзі.
Бұған дейін Ураина басшысы Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров Ресейге келесі аптада келіссөз топтарының кезекті отырысын өткізуді ұсынғанын айтты.
Ресей келіссөз тобындағы дереккөз ұсыныс туралы ақпаратты "растайтынын" айтты.
"Киевтен келген сигнал келіссөз күні жақын арада белгілі болады деп үміттенуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады ол.
"Біз тараптардан келіссөздің нақты уақытын келісіп, бізге хабарлағанын күтіп отырмыз", - деді агенттікке түрік дипломатиялық дереккөзі.
2 маусымда Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздің екінші кезеңі өтті. Ресей делегациясын бұрынғыдай президенттің көмекшісі Владимир Мединский басқарып барды. Украина делегациясына елдің сол кездегі қорғаныс министрі Рүстем Умеров жетекшілік етті.
Ресей мен Украина тұтқын алмасу туралы келісімге келді: науқастар мен ауыр жаралылар, 25 жасқа дейінгі тұтқындар алмастырылды.
Жаңалықтар
0