https://sputnik.kz/20250720/qazaqstan-khalqy-assambleyasy-zhastary-arasynda-respublikalyq-abay-oqulary-otti-55801449.html
Қазақстан халқы Ассамблеясы жастары арасында республикалық Абай оқулары өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясы жастары арасында республикалық Абай оқулары өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Абай облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай республикалық "Абай оқулары"... 20.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-20T16:58+0500
2025-07-20T16:58+0500
2025-07-20T16:58+0500
абай құнанбайұлы
абай облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/07/14/55801176_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_0c9e696da126bbb8b87477660752e763.jpg
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Абай облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай республикалық "Абай оқулары" өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 40-қа жуық жас, түрлі этнос өкілдері киелі Абай жерінде бас қосып, жас ұрпақты достық пен рухани құндылықтарға баулыған мазмұнды бағдарламаға қатысты.Фестиваль аясында жастар Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенелеріне, Күшікбай батыр мазарына, Мұхтар Әуезовтің туған жері Бөріліге барып, викториналарға, зияткерлік кездесулер мен мәдени шараларға қатысты. Дәстүр мен тарихқа негізделген рухани саяхат әрбір қатысушыға ұмытылмас әсер сыйлады.Шара соңында қатысушылар ұлы ақынның рухына тағзым етіп, Абай музейі аумағында орналасқан "Абай және ұлдары" ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Абай облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов Абай мұрасының жастар арасында насихатталуы туралы айтып өтті.Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сөз алған "Ассамблея жастары" РҚБ төрағасы Тимур Жұмұрбаев Абай мұрасының қазіргі қоғамдағы маңызына тоқталды."Бүгінгі жастар Абай шығармашылығына қызығушылықпен қарап, оның идеяларын заманауи тұрғыда түсінуге тырысуда. Бұл – еліміздің рухани жаңғыруының нақты көрінісі. Абайдың ойлары – ұлт бірлігінің тірегі. Жастардың осы жолда бас қосуы – үлкен мәнге ие", – деді ол.
https://sputnik.kz/20240810/qytayda-abay-oqulary-otti-46213318.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/14/55801176_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_168cb51bf2589ce1e5e8a103c94084fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай құнанбайұлы, абай облысы
абай құнанбайұлы, абай облысы
Қазақстан халқы Ассамблеясы жастары арасында республикалық Абай оқулары өтті
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Абай облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай республикалық "Абай оқулары" өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 40-қа жуық жас, түрлі этнос өкілдері киелі Абай жерінде бас қосып, жас ұрпақты достық пен рухани құндылықтарға баулыған мазмұнды бағдарламаға қатысты.
Фестиваль аясында жастар Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенелеріне, Күшікбай батыр мазарына, Мұхтар Әуезовтің туған жері Бөріліге барып, викториналарға, зияткерлік кездесулер мен мәдени шараларға қатысты. Дәстүр мен тарихқа негізделген рухани саяхат әрбір қатысушыға ұмытылмас әсер сыйлады.
Шара соңында қатысушылар ұлы ақынның рухына тағзым етіп, Абай музейі аумағында орналасқан "Абай және ұлдары" ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Абай облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов Абай мұрасының жастар арасында насихатталуы туралы айтып өтті.
"Мемлекет басшысы жастарды қолдауды үнемі басым бағыт ретінде айтып келеді. Осы ретте біз жастарға Абайдың даналығын, ой тереңдігін және адамгершілік қағидаттарын кеңінен түсіндіруді мақсат еттік. Сіздер осы оқулар арқылы еліміздің әр өңірінен келгендер арасынан жаңа достар тауып, рухани азық алдыңыздар деп сенемін. Қатысуға келген әрқайсыңызға облыс әкімінің атынан шынайы алғысымды білдіремін", – деді басқарма басшысы.
Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сөз алған "Ассамблея жастары" РҚБ төрағасы Тимур Жұмұрбаев Абай мұрасының қазіргі қоғамдағы маңызына тоқталды.
"Бүгінгі жастар Абай шығармашылығына қызығушылықпен қарап, оның идеяларын заманауи тұрғыда түсінуге тырысуда. Бұл – еліміздің рухани жаңғыруының нақты көрінісі. Абайдың ойлары – ұлт бірлігінің тірегі. Жастардың осы жолда бас қосуы – үлкен мәнге ие", – деді ол.