https://sputnik.kz/20250720/oralda-zhurgizushi-kualigin-algysy-kelgender-65-mln-tengeni-alayaqqa-ustatyp-zhibergen-55797999.html
Оралда жүргізуші куәлігін алғысы келгендер 6,5 млн теңгені алаяққа ұстатып жіберген
Оралда жүргізуші куәлігін алғысы келгендер 6,5 млн теңгені алаяққа ұстатып жіберген
Sputnik Қазақстан
Алаяқ бірнеше азаматтың сеніміне кіріп, ақшасын иемденген 20.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-20T10:26+0500
2025-07-20T10:26+0500
2025-07-20T10:26+0500
жүргізуші куәлігі
алаяқ
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e9/07/14/55798091_0:30:900:536_1920x0_80_0_0_93d3bc380722cb997c2f893c6811ccb2.jpg
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Оралда жүргізуші куәлігін жасап беремін деп 13 адамды алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол Орал қаласының аумағында бірнеше азаматтың сеніміне кіріп, ақшасын иемденген. Бүгінгі күні оның әрекетінен жапа шеккен 13 тұлға анықталды. Келтірілген жалпы шығын көлемі 6 500 000 теңге құрайды.Полиция азаматтарды сақ болуға және құжаттарды тек ресми жолмен рәсімдеуге шақырды.
https://sputnik.kz/20250313/tarazda-zhurgizushi-kualigin-zansyz-satqan-7-adam-sottaldy-51589496.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/14/55798091_74:0:827:565_1920x0_80_0_0_0328ee7edcd9ebb6af02e856e4447b12.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүргізуші куәлігі, алаяқ, алаяқтық
жүргізуші куәлігі, алаяқ, алаяқтық
Оралда жүргізуші куәлігін алғысы келгендер 6,5 млн теңгені алаяққа ұстатып жіберген
Алаяқ бірнеше азаматтың сеніміне кіріп, ақшасын иемденген
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Оралда жүргізуші куәлігін жасап беремін деп 13 адамды алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Орал қалалық полиция басқармасы Шаған полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары кезінде өзін жүргізуші куәлігін жасап беремін деп таныстырып, қала тұрғындарын алдаған азамат ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Ол Орал қаласының аумағында бірнеше азаматтың сеніміне кіріп, ақшасын иемденген. Бүгінгі күні оның әрекетінен жапа шеккен 13 тұлға анықталды. Келтірілген жалпы шығын көлемі 6 500 000 теңге құрайды.
"Аталған азаматқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу әркеттері жүргізіліп жатыр", - дейді полиция.
Полиция азаматтарды сақ болуға және құжаттарды тек ресми жолмен рәсімдеуге шақырды.