https://sputnik.kz/20250720/men-futbolshymyn-shymkentte-kamerun-azamaty-8-zhylga-sottaldy-55800397.html
"Мен футболшымын": Шымкентте Камерун азаматы 8 жылға сотталды
"Мен футболшымын": Шымкентте Камерун азаматы 8 жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Сотта камерундықтың кінәсі толығымен дәлелденді 20.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-20T14:23+0500
2025-07-20T14:23+0500
2025-07-20T14:23+0500
шымкент
сот
сот шешімі
футбол
есірткі
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында Камерун азаматы 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.33 жастағы ер адам психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз иемдену мен сақтау фактісі үшін айыпталған болатын.Сот материалына сәйкес, биыл наурыз айында оған Telegram арқылы белгісіз адамнан психотроптық заттарды өткізуге қатысты ұсыныс түскен. Камерундық келісіп, өзіне жіберілген "сәлемдемені" қабылдап алады. Ішінде 1346,01 грамм α-PVP (α-пирролидиновалерофенон) психотропты заты болған. Сол күні оны полиция ұстайды. Ал тұрғылықты жерін тінту кезінде электронды таразы, "Zip-lock" пакеттері, қара түсті орағыш және басқа да заттар тәркіленген.Сотта камерундықтың кінәсі толығымен дәлелденді. Бірақ өзі кінәсін мойындамай, туған жеріне экстрадициялауды сұрады.Бұған дейін Алматыда ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сол кезде оны Қазақстаннан шығаруға шешім қабылданған. Алайда ол үйіне қайтпай, Қазақстанда заңсыз жүре берген. Енді қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр.Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Мбала Бомба Роджерді кінәлі деп танып, 8 жыл бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250624/terrorizmdi-nasikhattagandar-sottaldy-55071918.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, сот, сот шешімі, футбол, есірткі
шымкент, сот, сот шешімі, футбол, есірткі
"Мен футболшымын": Шымкентте Камерун азаматы 8 жылға сотталды
Сотта камерундықтың кінәсі толығымен дәлелденді
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында Камерун азаматы 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
33 жастағы ер адам психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз иемдену мен сақтау фактісі үшін айыпталған болатын.
Сот материалына сәйкес, биыл наурыз айында оған Telegram арқылы белгісіз адамнан психотроптық заттарды өткізуге қатысты ұсыныс түскен. Камерундық келісіп, өзіне жіберілген "сәлемдемені" қабылдап алады. Ішінде 1346,01 грамм α-PVP (α-пирролидиновалерофенон) психотропты заты болған. Сол күні оны полиция ұстайды. Ал тұрғылықты жерін тінту кезінде электронды таразы, "Zip-lock" пакеттері, қара түсті орағыш және басқа да заттар тәркіленген.
Сотта камерундықтың кінәсі толығымен дәлелденді. Бірақ өзі кінәсін мойындамай, туған жеріне экстрадициялауды сұрады.
"Мен футболшымын, футболмен ғана айналысамын", - деді ол сот отырысында.
Бұған дейін Алматыда ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сол кезде оны Қазақстаннан шығаруға шешім қабылданған. Алайда ол үйіне қайтпай, Қазақстанда заңсыз жүре берген. Енді қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Мбала Бомба Роджерді кінәлі деп танып, 8 жыл бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.