https://sputnik.kz/20250719/qazaqstandyq-oqushylar-matematika-olimpiadasynda-alty-medal-zhenip-aldy-55789345.html
Қазақстандық оқушылар математика олимпиадасында алты медаль жеңіп алды
Қазақстандық оқушылар математика олимпиадасында алты медаль жеңіп алды
Sputnik Қазақстан
Бұл жарыс әлемдегі ең беделді жеті пәндік олимпиаданың қатарына кіреді 19.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-19T19:50+0500
2025-07-19T19:50+0500
2025-07-19T19:50+0500
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e9/07/13/55789481_0:241:2560:1681_1920x0_80_0_0_33c449d1a5df467236ed46c222ec8d82.jpg
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең беделді математика олимпиадасында алты бірдей медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.Австралияда өткен халықаралық олимпиадаға биыл 112 елден 650-ге жуық үздік жас математик қатысқан. Қазақстан құрамасы үздіктер қатарынан көрініп, төрт күміс және екі қола медаль иеленді.Күміс алғандар:Қола медаль иегерлері:Ұлттық құраманың ғылыми жетекшілері — PhD докторы Асылбек Исахов пен халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Қанат Сатылханов.Айта кетері, математикадан халықаралық олимпиада (International Mathematical Olympiad) 1959 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл жарыс әлемдегі ең беделді жеті пәндік олимпиаданың қатарына кіреді (International Science Olympiads). Қазақстан оған 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақытқа дейін ұлттық құрама 16 алтын, 55 күміс, 81 қола медаль және 29 құрмет грамотасын жеңіп алған.
https://sputnik.kz/20250615/shakhmattan-alem-chempionatynda-qazaqstan-qorzhynyna-4-medal-tusti-54688947.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/13/55789481_0:0:2560:1920_1920x0_80_0_0_be51f6d6d6962e8c348d4cabb84b6130.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы
Қазақстандық оқушылар математика олимпиадасында алты медаль жеңіп алды
Бұл жарыс әлемдегі ең беделді жеті пәндік олимпиаданың қатарына кіреді
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең беделді математика олимпиадасында алты бірдей медаль жеңіп алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Австралияда өткен халықаралық олимпиадаға биыл 112 елден 650-ге жуық үздік жас математик қатысқан. Қазақстан құрамасы үздіктер қатарынан көрініп, төрт күміс және екі қола медаль иеленді.
Мирон Юркевич — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы;
Әмірлан Аманжолов — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11-сынып оқушысы;
Марғұлан Шарел — Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;
Әмір Сахипов — Алматы қаласындағы РФММ мектебінің 11-сынып оқушысы.
Ерасыл Алтынбек — Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 10-сынып оқушысы;
Ерқанат Кеңшілік — Ақтөбе облысындағы "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Ұлттық құраманың ғылыми жетекшілері — PhD докторы Асылбек Исахов пен халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Қанат Сатылханов.
Айта кетері, математикадан халықаралық олимпиада (International Mathematical Olympiad) 1959 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл жарыс әлемдегі ең беделді жеті пәндік олимпиаданың қатарына кіреді (International Science Olympiads). Қазақстан оған 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақытқа дейін ұлттық құрама 16 алтын, 55 күміс, 81 қола медаль және 29 құрмет грамотасын жеңіп алған.