https://sputnik.kz/20250719/petropavl-turgyny-eki-birdey-zeynetkerdi-5-mln-tengege-aldagan--55769783.html
Петропавл тұрғыны екі бірдей зейнеткерді 5 млн теңгеге алдаған
Петропавл тұрғыны екі бірдей зейнеткерді 5 млн теңгеге алдаған
Sputnik Қазақстан
Күдікті 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 19.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-19T12:05+0500
2025-07-19T12:05+0500
2025-07-19T12:05+0500
петропавл
алаяқ
зейнеткер
полиция
https://sputnik.kz/img/235/27/2352796_0:208:2901:1840_1920x0_80_0_0_4fbd57b15f5c2844d8554bf8fa034da1.jpg
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Петропавлда 5 млн теңге көлемінде екі алаяқтық дерегі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Полицияға Петропавл қаласының 67 жастағы тұрғынынан алаяқтық фактісі бойынша өтініш түскен. Зейнеткер алаяққа алданып ақшасын беріп жібергенін айтқан. Біраздан соң алғашқы телефон соққан қайта хабарласып, операцияға ақша сұраған. Жәбірленуші немересіне хабарласып, ешқандай жол апаты болмағанын білген соң "102" арнасына хабарласады. "Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер такси жүргізушісінен 2 миллион теңге алған дропперді ұстады. Ол – 24 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оның тағы бір осындай алаяқтық фактісіне қатысы барын анықтады. Бұл жағдайда 88 жастағы петропавл тұрғыны 3 миллион теңгесінен айырылған", - деді полиция. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге ірі көлемде айыппұлдан бастап 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20250702/alayaqtyq-zhasagan-semey-politsiyasy-76-zhastagy-zeynetkerdi-ustady-55304354.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/235/27/2352796_85:0:2816:2048_1920x0_80_0_0_c65ebba8815bcd1025961aaf05be8cf3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, алаяқ, зейнеткер, полиция
петропавл, алаяқ, зейнеткер, полиция
Петропавл тұрғыны екі бірдей зейнеткерді 5 млн теңгеге алдаған
Күдікті 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Петропавлда 5 млн теңге көлемінде екі алаяқтық дерегі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Полицияға Петропавл қаласының 67 жастағы тұрғынынан алаяқтық фактісі бойынша өтініш түскен. Зейнеткер алаяққа алданып ақшасын беріп жібергенін айтқан.
"Оған үй телефонына қоңырау шалған әйел жылап, өзін Ресейде тұратын қызы ретінде жол апатына ұшырағанын, адвокатқа ақша қажет екенін айтқан. Сол сәтте оның телефонына өзін адвокатпын деп таныстырған алаяқ қоңырау шалып, 2 миллион теңге көлеміндегі ақшаны такси жүргізушісі арқылы беруін сұраған", - делінген хабарламада.
Біраздан соң алғашқы телефон соққан қайта хабарласып, операцияға ақша сұраған.
Жәбірленуші немересіне хабарласып, ешқандай жол апаты болмағанын білген соң "102" арнасына хабарласады.
"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер такси жүргізушісінен 2 миллион теңге алған дропперді ұстады. Ол – 24 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оның тағы бір осындай алаяқтық фактісіне қатысы барын анықтады. Бұл жағдайда 88 жастағы петропавл тұрғыны 3 миллион теңгесінен айырылған", - деді полиция.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге ірі көлемде айыппұлдан бастап 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.