https://sputnik.kz/20250719/abaydyn-180-zhyldyq-mereytoyyna-dayyndyq-qalay-zhurip-zhatyr-55794217.html
Абайдың 180 жылдық мерейтойына дайындық қалай жүріп жатыр
Абайдың 180 жылдық мерейтойына дайындық қалай жүріп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Облыс әкімі Берік Уәли Абай ауданының Абайдың 180 жылдық мерейтойына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды өңір әкімінің... 19.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-19T20:21+0500
2025-07-19T20:21+0500
2025-07-19T20:21+0500
абай құнанбайұлы
берік уәли
абай облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/07/13/55794861_0:133:2560:1573_1920x0_80_0_0_313c9f2af181b603e7d6de88bf2b638c.jpg
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Облыс әкімі Берік Уәли Абай ауданының Абайдың 180 жылдық мерейтойына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. Қарауылтөбе – мерейтой аясындағы негізгі іс-шаралар өтетін орындардың бірі. Мұнда 400 орындық көрермен алаңы бар үлкен дала сахнасы, ат жарысына арналған шеңбер, киіз үйлер қалашығы, кәсіпкерлерге арналған 2500 шаршы метрлік сауда аймағы, сондай-ақ жарық, су, кәріз желілері мен санитарлық-тұрмыстық нысандар қарастырылған. Қосымша жолдар салынып, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер жөнделіп жатыр.Облыс әкімі Абай саябағында да болды. Мұнда қазіргі уақытта абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Мерейтой аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі – "Жеті қазына" республикалық фестивалінің ашылу салтанаты, "Сұлу әйел" және "Ер жігіт" сайыстары осында өтеді.Осы жерде "Абай елі" стелласы таныстырылды. Қарауылтөбеде бой көтеретін еңселі ескерткішке ауданның кәсіпкерлері демеуші болған."Композиция өте орынды ойластырылған. Бесік бар, домбыра бар. Абай елі – өнерпаздардың, ақындардың, батырлардың елі. Сондықтан мұндағы "Абай елі" деген жазудың мағынасы терең. Яғни, стелланың мәні мен мазмұны бәріне ұғынықты. Аудан тұрғындары мен қонақтары келетін тамаша орын болады деп ойлаймыз", – деді облыс әкімі.Сонымен қатар ол "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешеніне барды. Қазіргі уақытта мұнда "Қазреставрация" мекемесі кесенелерді ағарту, электр жарығын және сыртқы бағаналарды қалпына келтіру, сырлау-бояу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/13/55794861_143:0:2418:1706_1920x0_80_0_0_2692c934e6a2faa890b822fa24fc6e4f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай құнанбайұлы, берік уәли, абай облысы
абай құнанбайұлы, берік уәли, абай облысы
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Облыс әкімі Берік Уәли Абай ауданының Абайдың 180 жылдық мерейтойына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Қарауылтөбе – мерейтой аясындағы негізгі іс-шаралар өтетін орындардың бірі. Мұнда 400 орындық көрермен алаңы бар үлкен дала сахнасы, ат жарысына арналған шеңбер, киіз үйлер қалашығы, кәсіпкерлерге арналған 2500 шаршы метрлік сауда аймағы, сондай-ақ жарық, су, кәріз желілері мен санитарлық-тұрмыстық нысандар қарастырылған. Қосымша жолдар салынып, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер жөнделіп жатыр.
Облыс әкімі Абай саябағында да болды. Мұнда қазіргі уақытта абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Мерейтой аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі – "Жеті қазына" республикалық фестивалінің ашылу салтанаты, "Сұлу әйел" және "Ер жігіт" сайыстары осында өтеді.
Осы жерде "Абай елі" стелласы таныстырылды. Қарауылтөбеде бой көтеретін еңселі ескерткішке ауданның кәсіпкерлері демеуші болған.
"Композиция өте орынды ойластырылған. Бесік бар, домбыра бар. Абай елі – өнерпаздардың, ақындардың, батырлардың елі. Сондықтан мұндағы "Абай елі" деген жазудың мағынасы терең. Яғни, стелланың мәні мен мазмұны бәріне ұғынықты. Аудан тұрғындары мен қонақтары келетін тамаша орын болады деп ойлаймыз", – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар ол "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешеніне барды. Қазіргі уақытта мұнда "Қазреставрация" мекемесі кесенелерді ағарту, электр жарығын және сыртқы бағаналарды қалпына келтіру, сырлау-бояу жұмыстарын жүргізіп жатыр.